Елімізде нан қымбаттап жатыр

Картинки по запросу нан қымбаттады

Қарағанды облысы, Балқаш қаласында нан бағасы 2 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қаладағы ірі “Балқаш нан” комбинаты бағаны 2 теңгеге қымбаттатып, 56 теңгенің орынына 58 теңге қойған. Бұрын бөлке нан дүкендерде 60 теңге тұрса, қазір 62 немесе 65 теңгеден сатылып жатыр.

“Қазіргі кезде қаладағы барлық сауда дүкендеріне мониторинг жүргізу мақсатында тексеріс тағайындалды. 62 теңге түсінікті, бірақ 65-ке көтерілуі мүмкін емес, себебі кәсіпкерлер нан тасымалдауға шығын кетірмейді. Нанды комбинаттың өзі тиісті нүктелерге жеткізіп береді”, – деп хабарлады қала әкімдігі.