Головкин-Альварес жекпе-жегі: Үшінші төрешінің өтірігі шығып қалды

Головкин-Альварес жекпе-жегі: Үшінші төрешінің өтірігі шығып қалды

Бокс саласының шолушысы, танымал ресейлік сарапшы Александр Беленький "GGG-Canelo" жекпе-жегінде екі боксшыға тең ұпай берген үшінші төрешінің әрекетін әшкереледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Шыны керек, бәріміз Альварестің пайдасына 118-112 есебімен өз шешімін шығарған Аделаида Бердке тап бердік. Әрине, онымыз дұрыс-ақ. Дегенмен, екі боксшыға 114-114-пен тең ұпай берген тағы бір төреші - Дон Трелланы әбден ұмытқан сияқтымыз. Бір қызығы, Дон Трелла жетінші раундты Альварестің еншісіне беріп қойған. Алайда Аделаида Бердттың өзі ол раундта Головкин жеңді деп санайды! Себебі "Канелоға" анық беруге келмейтін нәрсені бұрмалауға болмайтынын білді. Сөйтіп, жетінші раунд сол "беруге келмейтін" раунд еді. Дегенмен, Трелла бәрібір беріп қойды. Ол есептің жауабын келтіруге тырысқан тәрізді", - деп жазды Беленький.

Сарапшының ойынша, үш төрешінің бірдей соңғы үш раундты Альвареске беріп қойғаны да күдік туғызады. Себебі жекпе-жектің аяғында Саульдің айқын басымдығы байқалған жоқ. Бұны соққылардың компьютерлік статистикасы да растап отыр.

"Соңғы үш раундта "Канело" Головкиннен артық соққы жасамады. Сондықтан ол раундтардың біреуін GGG-ге беруге әбден болады. Жарайды, Трелла жетінші раундты бұрмалап тастағанның өзінде есеп басқаша шығатын еді. Екінші төрешінің өз шешімін 115-113 есебімен Головкинге бергенін ескерсек, ол жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңімпаз атануы қажет", - деп атап көрсетті Беленький.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен тең түсті.

Дәл осы шешіммен жанкүйелер де, сарапшылар да келіспей отыр. Әсіресе, Альвареске 118-110 есебімен жеңіс беріп қойған Аделаида Бердтың есебіне наразылық танытты.

Александр Беленькийдің ойынша, Альварестің командасы xалықтың көңілін басқа жаққа бұрып жіберді.