Сауль Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге $1 млн жұмсады

Геннадий Головкинмен тең өткен жекпе-жектен кейін Альварес туған жері Гвадалахараға оралды. Бұл туралы allboxing.ru-ға сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

Жақында ғана Мексикада болған қатты жер сілкінісінен елдің орталық және оңтүстік аймақтары зардап шеккен. Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес зардап шеккен адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен қираған үйлерді қалпына келтіруге қажетті құрылыс материалдарын алу үшін 1 МИЛЛИОН ДОЛЛАР жұмсады. Сонымен қатар, 27 жасар боксшы өз еркімен жүк көліктеріне қажетті заттарды тиеуге де көмектесіп, өз отандастарының қайғысына ортақ екендігін көрсетті.