Нұрсұлтан Жанабаев қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді

Астанада өтіп жатқан бокс кешінде Нұрсұлтан Жанабаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Қазақ үні ұлттық порталының тілшісі.

Атап өтейік, елордада Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың бокс кеші өтіп жатыр.

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп жатқан бокс кешінде Нұрсұлтан Жанабаев қарсыласы Алекс Саднро Дуартэні алғашқы раундта жойқын соққымен нокаутқа жіберді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мейірім Нұрсұлтанов, Айдос Ербосынұлы бастаған боксшыларымыз да қарсыластарын таза жеңіп, жеңіс тұғырына көтерілген болатын.