БАТЫР БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Қасиетті құрбан айттың бірінші күні Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылында «Батыр бабалар» мемориалы облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Бұл шара Елбасының «Болашшаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы құнды тапсырмаларды іске асыру аясында өткізіліп отыр. Салтанатты шараға белгілі қоғам қайраткерлері, аудан, облыс тұрғындары мен алыс-жақыннан келген қонақтар қатысты. Тау бөктерінде орналасқан жаңа ғимарат бұрындар іске қосылған «Аналарға құрмет» мұражайымен қатар орналасқан. Мемориалда сонау Сақ дәуірінен бастап бүгінгі Тәуелсіздік кезеңге дейінге еліміздің тарихы жайында экспозиция құрылған. Ежелгі жаугершілік заманда елі мен жері үшін ерлік көрсеткен хандар, билер мен батырлардың портреттік галереясы белгілі тұлғалар жайында сыр шертеді. Қасиетті Құрбан айт күнімен тұпа-тұс келген бұл шара батыр бабаларымыздың рухына көрсетілген құрмет, тарихымызды тереңірек үңілуге мүмкіндік беретін болады. qazaquni.kz