ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ ӘЛЕМ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ  АНТОЛОГИЯСЫНДА!

Өткенде, 16-22 тамыз аралығында Моңғолияда өткен Дүниежүзілік поэзия фестивалы мен Әлем ақындарының 37 конгресі туралы баспасөзде жазылып жатыр.  Әлемнің 40 шақты елінен 200-ден аса ақындар бас қосқан аламанда ағылшын тілінде  "ӘЛЕМ ПОЭЗИЯСЫ-2017 антологиясы"  жарық көрді.  Әлем ақындарының таңдамалы жинағына қазақ ақындары тұңғыш рет кіріп отыр. Олар Қасымхан Бегманов, Жүкел Хамай және  Қазыбек Иса.