«Қазақ әдебиеті» газетінің жаңа бас редакторы тағайындалды

«Қазақ әдебиеті» газетінің  жаңа бас редакторы тағайындалды

Белгілі ақын, журналист, публицист Жанарбек Әшімжан «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агентігі.

Сонымен қатар Жанарбек Әшімжан  Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, «Қаламгер – media» орталығының директоры қызметін қоса атқарады.

Жанарбек Әшімжан «Қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған. 2002 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері;

«Тұран Әлем Банкі» ұйымдастырған республикалық жыр бәйгесінің, «Бір өлең — бір әлем» атты халықаралық жыр мүшәйрасының бас жүлдегері;

Өлеңдері 2004 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген «Жас ақындар антологиясына» енген.

Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы республикалық жас қаламгерлер кеңесінің төрағасы.

Түркістан қаласында өткен Өмірбай Сәуірбаевқа арналған республикалық жыр мүшәйрасының I орын  жүлдегері.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының «Журналистикаға сіңірген еңбегі үшін» арнайы медалімен марапатталған.