Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері бойынша пікірталас өтті

Бүгін Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында (ӘЭСИ) «Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен сарапшылар қауымдастығы арасында қазақстандық экономиканың басты салаларындағы экспорттық әл-ауқатты ары қарай дамыту мәселелерін, біріңғай экспорттық стратегияны әзірлеу, экспорттық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Қазақстанда шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайтуды талқылады.

ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаевтың сөзінше, соңғы төрт жылда отандық экспорт, соның ішінде шикізат экспорты көлемінің төмендеуі байқалады. Ең алдымен, бұл әлемдегі шикізат суперциклының аяқталуымен және сыртқы нарықтағы жаһандық бәскелестіктің артуымен байланысты. Е. Салтыбаев атап өткендей, бүгінгі таңда Қазақстанда өндіріс қуатының дұрыс пайдаланбау мәселесі өзекті болып отыр, бұл өз кезегінде миллиардтаған теңгені құрайтын отандық өнімнің жасырын резерві мен экспорты бар екенін айғақтайды.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында үкімет алдына 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін екі есе ұлғайтуды тапсырған. Мемлекеттік экспорттаушы-компанияларға қолдау көрсету шаралары ойдағыдай нәтиже бермеуде. Сондықтан, бізге қазақстандық өнімді өткізу үшін жаңа нарыққа шығу қажет, ал экспорттау аймағын кеңейту – бұл еліміздің экспорттық әл-ауқатын арттырудағы басты мақсат болып табылады, - деді ӘЭСИ директоры.

Шараға мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар өкілдері, отандық сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Олардың қатарында: Олжас Жораев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау мен анализ Орталығы меңгерушісінің орынбасары; Руслан Ысқақов, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы; Азамат Ойнаров, «Қазақстандық МЖС орталығы» АҚ басқарма төрағасы, Мейржан Майкенов , «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Анықтама: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) 2003 жылы құрылған. ӘЭСИ қызметі әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, геосаясат, қауіпсіздік, сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президентінің жұмысы мен оның Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде құру мен нығайтуға және жаһандық бейбітшілік келіссөздерін жүргізуге қосқан сүбелі үлестерін зерттеуге негізделген.