Таразда салмағы 6 келі 265гр сәби дүниеге келді

Таразда қалалық перинаталды орталықта 25 қараша күні сағат 04:00- де салмағы 6 келі 265 гр, бойы 67 см. болатын қыз бала өмірге келді,-деп жазды Stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісі.

[caption id="attachment_173285" align="aligncenter" width="700"]бала Көрнекі сурет[/caption]

Дәрігерлердің айтуынша, соңғы 5 жылда қалада мұндай оқиға тіркелмеген.

Премушка Алена 29 жастағы қала тұрғыны осымен үшінші баласын дүниеге әкелген. Балаларының барлығының салмағы ауыр болыпты.

«Қалған балалары 3 кг 500гр, 4 кг 500 гр салмақпен туған. Үш баланы да анасы өзі босанды. Қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы. Салмағы бес келіден асатын сәбилер бізде «гигант-бала» саналады»- дейді қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қаракөз Сағынғалиева.