Мәдениет министрі шетелде емес, өз елімізде демалатынын айтты

Картинки по запросу арыстанбек мұхамедиұлы

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы үш жылда демалысқа шықпағанын айтты. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

"Үш жылда бірде-бір рет демалысқа шыққан жоқпын", — деді Мұхамедиұлы тілшілердің "биыл қайда демаласыз?" деген сұрағына жауап бере отырып.

Үш жыл бойы тынымсыз еңбек еткен министр биыл осы олқылықтың орнын толтырмақ және шетелде емес, еліміздегі демалыс орнын таңдап отыр. "Әрине, Алакөлге барамын. Сіздерді де шақырамын", — деді Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, бүгін үкіметте отандық туризмді дамыту мәселелері талқыланды.