Баян Есентаева кітабының бағасы мен түскен қаражатты қайда жұмсайтынын айтты

Баян Есентаева жуырда шығатын кітабның бағасы мен түскен қаражаттың қайда жұмсалатынын түсіндіріп берді. Продюсер көптен бері армандап жүрген әйелдер құқығын қорғауға бағытталған орталық ашпақ екен.

19120538_1174236829348088_7612533879496245248_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, - деп жазады stan.kz.

“Мен жауап беруден шаршаған сұрақтар көбейіп кетті. Оның үстіне журналистер мен қоғамнан тығылып қала алмаймын. Кітапта балалық шағымнан бастап, осы күнге дейінгі оқиғалар қамтылған. Оның бағасы 3 000 теңгеден жоғары,  4 000 теңгеден төмен болатынын нақты айта аламын. Өмірбаянымды 200 бетке сыйдырдым. Алдын ала таныстырылымы да міндетті түрде болады. Шамамен 20 мың дана етіп шығаруды жоспарлап отырмын. Кітаптан түскен қаражаттың барлығы әйелдердің құқығын қорғауға арналған орталықты ашу үшін жұмсалмақ. Бұл орталық қарқынды түрде жұмыс істеуі үшін көп қаражат керек”, – дейді Баян Есентаева.