Қазақстанда никаб пен паранжа киюге заңды түрде тыйым салынбақ

паранжа киген әйел

Қазақстанның дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қоғамдық орындарда адамның жүзін көруге кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заң жобасы әзірленіп жатыр, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Баспасөз  қызметінің хабарлауынша, "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі" Заң жобасы қазіргі уақытта әзірлену үстінде екен.   Осы жұмыстағы басты мақсат – азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, мемлекет пен азаматтық қоғам күштерін біріктіру, зайырлы және демократиялық принциптерді нығайту», — деп атап өтті министр.

Қазіргі таңда елімізде 18 конфессия жұмыс істейді. Олар 3 658 діни бірлестікке біріккен. Қазақстандықтардың 15% діндар адамдар, яғни діни рәсімдерді тұрақты орындайтындар. Азаматтардың 75% Құдайға сенеді, бірақ тұрақты түрде діни жораларды орындамайды және діни бірлестіктер қызметіне тартылмаған. Азаматтардың шамамен 10%-ы өздерін  атеист немесе агностик деп санайды.

Министрліктің дін саласындағы басты басымдығы —  кез келген радикалды діни ағымдарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттің зайырлылық принциптерін нығайту.

Дереккөз: sputniknews.kz