Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Картинки по запросу қуат тұмабаев

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың орынбасары Қуат Тұмабаев Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

Қуат Тұмабаев 1980 жылы 30 қазанда Семей қаласында дүниеге келді. 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтады. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Тұмабаев бұған дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы секілді бірқатар мекемеде қызметтер атқарып келді.

2016 жылдың 15 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.