Ислам Әбіш Атбасар бөгетін су бұзып кету себебін атады

Картинки по запросу атбасар су тасқыны

Атбасар қаласындағы су тасқынына қарсы тұрғызылған бөгеттің бұзылуына су жинау алаңын дұрыс есептемеу себеп болуы мүмкін.

   Бұл жайында бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысынан кейін ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбіш білдірді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«Бөгетті сапасыз салды деп айтуға болмайды. Мүмкін бұл бөгеттің су жиналатын аумағы дұрыс есептелінбеген болар. Мәселен, су жиналатын алаң 1 мың гектар болса, онда оған 10 млн текше метр су жиналады. Ал бұл 10 млн текше метр 10 күннің ішінде немесе бір күннің ішінде ғана жиналуы мүмкін. Меніңше, бөгетті салу барысында судың 2-3 күннің ішінде су жинау алаңына толықтай жайылып кету мүмкіндігі ескерілмеген сияқты. Міне олардың жіберген қателіктері осы болуы мүмкін», - деді Ислам Әбіш.

Сонымен қатар ол бұлай болғанда да бөгеттер жыл сайын су тасқынына дейін және одан кейін тексеріліп отыруы тиістігін баса айтты.

Айта кетейік, Атбасардың тасқын суға қарсы салынған жаңа бөгетіне 200 млн теңге жұмсалған. Алайда, таяуда қана су оны бұзып кетіп, соның салдарынан қаладағы 269  үй су астында қалса, тағы 130-дан астам үйді су басу қаупі бар.