Бүгін Димаш қатысатын “Singer-2017” байқауының финалын қайдан көрсе болады?

Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан Қытайдағы “Singer-2017” байқауының финалын бүгін “Хабар” телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 17883210_213887665764358_7109524674341502976_n Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. “Хабар” телеарнасы Қытайда өтіп жатқан “Singer-2017” байқауының финалын сағат 22.00-де көрсетеді. Сонымен бірге ән додасы Алматыдағы “Mega Alma-Ata” және Астанадағы “Mega Silk Way” ойын-сауық орталықтарындағы үлкен экрандарда көрсетіледі. Бұған дейін хабарланғандай, Димаш ақтық сында белгілі қытайлық әнші Шан Венжемен бірге өнер көрсетеді. Әншілер Майкл Джексонның репертуарынан попурри орындамақ. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген “Singer-2017” байқауы барысында Қытайда аса танымал болды. Ол жақында “17th Top China Music Awards” шарасында “Халықаралық деңгейдегі танымал әнші” жүлдесіне ие болды. Ал бұған дейін Димаш Азиядағы ең беделді China Top music Awards сыйлығының “Азияның ең танымал әншісі” номинациясында жеңіске жеткен болатын.