Елімізде 5 миллион адамның несиесі бар

Картинки по запросу каспий банк кредиты

Елімізде еңбекке жарамды 8,5 миллион адам болса, соның 5 миллионының банкке берешегі бар.

Бұл туралы islam.kz хабарлады.

Өкінішке орай, несиеге алған қаржының 85 пайызы мақсатсыз жұмсалады екен. Яғни, қымбат көлік, той-думан мен өлім жітім, қымбат тондарға төленеді.

Сонымен қатар, тұрмыстық техникаға кредит көп алынатын көрінеді. Мәселен, былтырдың өзінде қазақстандықтар 3 триллион теңге көлемінде несие алып, тұрмыстық техникаға қол жеткізген. Ал, бүгінде 1 миллион 200 мың адам несиесін қайтара алмай жүрген көрінеді. Олардың банктерге берешегі 1 триллионнан асып жығылған.