Назарбаев: "Төлей алмасаң, кредит алма. Ешкім зорлап жатқан жоқ"

Картинки по запросу назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің жұмыс қорытындысын талқылау кезінде үкімет пен екінші деңгейлі банктерге қазақстандықтарды масылдық әдетінен арылтуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қайта қаржыландыру бағдарламаларына 130 миллиард теңге жұмсайтынбыз. Қазір 21 мың адал емес қарыз алушы бар. 19,5 мың адамға қарыз төлеу жеңілдетілді", - дейді Назарбаев.

ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев осы мәселеге қатысты өз ойын айтты.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл мәселе бойынша екі пікір бар. Біріншісі - көмектесу керек. Екіншісі - көмектесу арқылы масылдыққа үйретеміз", - дейді ол.

"Негізі кредит төлемеу бұл қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Бізде мұны ешкім түсінбейді. Төлей алмасаң, кредит алма. Алдың ба, қайтару керек. Әркім өз ісіне жауапты болу керек. Ешкім ипотекалық кредит ал деп зорлаған жоқ. Мемлекетке қаржы құятын сала жетерлік, осы халық үшін, экономиканы дамытуға, индустриализацияға. Сондықтан мұны қатаңдату қажет, тексеру керек. Екінші деңгейлі банктер, адамдарды масылдық әдетінен арылтыңдар. Үкіметке де осы тапсырма", - деді Елбасы.