Саясаттанушы - Петербургтегі терактан соң Навальныйдың айыптаулары ұмыт болды

Похожее изображение

Кейбір эксперттердің айтуынша, Петербургтегі теракт Путиннің өз әрекетері болып табылады. Яғни, бұл жарылыстар тағы бір әскери операцияға сылтау болуы әбден мүмкін. Бұл туралы белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісіне айтып берді.

Саясаттанушының пайымдауынша, Навальныйдың Медведев пен Путинді жемқорлық жасады деп айыптағаны, көшеге мыңдаған адамның ереуілге шыққаны т.б. барлығы аталмыш лаңкестік оқиғадан кейін ұмыт болды.

Бұл Ресейдегі көтеріліп келе жатқан халық наразылығын басуға көмек береді. Ресейдің бірақ біріктіруші персонасы бар. Ол - Путин. Енді билік сын сағатта ел бірлігіне шақырады, - деп есептейді Ә. Ғали.