Масқара! Көпбалалы аналардың әлеуметтік жәрдемақысы он мыңға да жетпейді

Әлеуметтік желіде көпбалалы отбасы иесі ұялы телефонына келіп түскен жәрдемақы сомасын жариялап, ол қызу талқыға түсіп жатыр.

[caption id="" align="alignright" width="315"]Фото Алии Садырбаевой. А. Садырбаева. Фото әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды[/caption]

Әлия Садырбаева есімді Facebook қолданушысы «Үкімет беретін жәрдемақының түрі осы» деп өзіне келіп түскен мәліметті ыза болып жариялай салыпты.

«Көрдіңіз бе?.. Менің ай сайын алатын әлеуметтік жәрдемақымның түрі осы: 9440 теңге. Бұл көпбалалыларға берілетін жәрдемақы. Онда да әр балаға емес, барлығына берілетіні осы! Міне, осы соманы Қазақстандағы барлық көпбалалы отбасы талғажу етіп, өмір сүріп жатыр»

деп жазады ол.

Бұл жазба әлеуметтік желіні қолданушылардың назарын бірден бұрып, көптеп бөлісіп, кеңінен талқыланып жатыр.

«Ойбай-ау, бұл ақшаға басқасын айтпағанда айына бір баланың жөргегін ауыстыра алмайсыз ғой. Сүті бар, тамағы, басқа балалардың киім-кешегі ше?» десе бірі, тағы бірі: «Мына Ресейде жақсы, бала туса бірден жеңіл пайызбен үй береді, ал көпбалалыларға тегін. Ал бізде 10 балаң болса да үй кезегін күтіп жүргенің» деп тұнжырайды.

Ал тағы бір желіні қолданушы: «Есесіне бізде жынысты ауыстыруға квота бар» деп кекесімен жазады.

Дереккөз: 365info.kz