Әкім шындықты жасырып отыр: Зайсандағы зілзаладан бүлінген үйлер бар

[caption id="" align="aligncenter" width="485"]Картинки по запросу темірбек қасымжанов Темірбек Қасымжанов[/caption]

Шығыс Қазақстанда орын алған қуатты жер сілкінісі біршама ауыл тұрғындарына шығын әкелген көрінеді. Мысалы, Зайсан ауданының Дайыр ауылы тұрғыны Айгүл Есергенова зілзаладан үйімнің сылақтары түсіп, қабырғасы жарылып қалды дейді. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Айгүл Боқайқызының айтуынша, ауылда қирап, құлап қалған үйлер жоқ. Бірақ, саман кірпіштен қаланған ескі үйлердің қабырғалары жарылып, сылақтары түсіп қалған.

«Біздікі де саман кірпіш үй. Сылақтары түсіп жарылды. Ауылда саман үйлер көп», - дейді ауыл тұрғыны.

Ал зардап шеккендер жайлы ешкім ештеңе естімепті.

Қазіргі кезде ауылдың барлық атқамінерлері ауданға кеткен. Ал түстен кейін арнайы комиссия шығып жағдайды бағамдамақ.

«1990 жылдары жер қатты сілкінді. Кешегі одан сәл төмендеу болғанын сездім. Бірақ дүрілдеп қатты естілді. Өзімде 6 бал шамасында шығар деп ойлап едім. Қорқып далаға жүгіріп шықтық. Тағы да қайталана ма деп түнімен ұйықтамадық»,- деді Айгүл Есергенова.

Ерекше атап өтерлік жайт.

Қазақтың белгілі ақыны Ұлықбек Есдәулет өзінің фейсбуктегі әлеуметтік парақшасында Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжановпен хабарласқанын мәлімдеген болатын. Өз кезегінде аудан әкімі жер сілкінісінен құлаған, қираған ештеңе жоқ екенін жеткізіпті.

Алайда, әкімнің сөзі шындыққа жанаспайтын секілді. Ия, әкім өтірік айтып отыр, ия, халық... "Халық айтса қалып айтпайды" деген аталы сөз бар ғой. Бізді алаңдатып отырған мәселе - үйлерінің қабырғалары жарылған отбасыларға аудан әкімдігі тарапынан материалды көмек бола ма?

Еске сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан облысында күші 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 21:03-те тіркелген. Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 863 шақырым жерде болған. Зайсанда зілзала күші 6 балға жетсе, Өскемен тұрғындары 3-4 баллдық жер сілкінісін сезген.