Qazaq Air Шымкенттен Астанаға рейс ашты

Qazaq Air әуе компаниясы көктемдік-жаздық ұшу кестесін жаңартып, 2017 жылдың 26 наурызынан бастап Шымкент – Астана – Шымкент бағыттары бойынша тұрақты рейсті жөнелтеді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.

Енді Оңтүстік Қазақстан облысы орталығының тұрғындары аптасына екі рет, заманауи Bombardier Q400NextGen ұшақтарымен Астанаға тікелей жете алады.

Шымкенттен сапар шегетін жолаушылар билетті 11 557 теңгеден бастап сатып алып (әуежай алымдарымен қоса есептегенде бір бағытты билет құны), Астанаға небары 1 сағат 55 минутта жете алады.

Qazaq Air әуә компаниясының билеттерін flyqazaq.com сайтында немесе +7 727 356 1414 телефоны арқылы компанияның сату офистерінде брондауға және сатып алуға болады.