Мақпал Жүнісова ел алдында Гүлнұр Оразымбетованы сынап тастады (ФОТО)

Қазақтың ерке қызы — әнші Мақпал Жүнісова әріптесі Гүлнұр Оразымбетованың қызметін асыра пайдаланып, өзінің жолын кескенін айтты.

Мақпал Жүнісованың сөзінше, жақында ғана «Соқыр махаббат» фильмінде орындаған әнін әріптесі алдырып тастап, өзінің әнін қойғызған.

Бұл туралы қазақтың ерке қызы өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына ашып жазды.

«Таңшолпан» бағдарламасының директоры Гүлнұр Оразымбетова ханым бүгін бастық екенін дәлелдеді.

«Соқыр махаббат» киносына менің әнім алынғанын біле тұра, өзінің әнін монтаждап, эфирден бергізуі, тіптен, ұят екен.

Қалай бастық болдыңыз?», — деп жазды ыза болған Мақпал Жүнісова.

Әлеуметтік желі қолданушылары мұны мысқылдап, „Қолынан келсе, қонышынан бас„ дегенге сайса, ал тағы бірі — Мақпал апай мұнысымен киноны жарнамалап отырған жоқ па екен деген күдік келтіреді.

Дереккөз: 365info.kz