"Мен жезөкше емеспін! Менен кешірім сұрауы тиіс Тоқтар әнші!"

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы Тоқтар Серіковтен кешірім сұрауын талап етті деп хабарлайды qasym.kz порталы.

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы Тоқтар Серіковтен кешірім сұрауын талап еттіӘнші Тоқтар Серіков отандық БАҚ-қа берген таяудағы сұхбатында «Қытайға тиетін кімдер? Жезөкше қыздар тиюі мүмкін. Ар-намысы жоқ, тегі жоқ, қаны жоқ, қазаққа түрі ғана ұқсайтын біреулер тиюі мүмкін» - деп айтқан болатын. Алайда, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тумасы Сания Жұмашева белгілі әншіні өткір сынға алып, ашынып бар ойын жайып салды.

"Әнші мен үшін әнші болып қалуы керек. Инстаграмды біреу шулатты деп, қазақ қыздарының намысына тиіп, оларды жезөкше деп атауға бола ма екен?! Бізге маңдайымызға бұйырғанды, тағдырымызды – әнші Тоқтар Серіков жазып берді ме екен, ол кім сонша? Құдай ма? Маңдайымызға жазылғанды көрдік, соған көндік. Менің күйеуім Қытайдың азаматы болса да, осы елде, осы жерде жұмыс жасап жатыр. Жұбанов университетінде таныстық, отау құрдық. Бірақ мен өз елімнен жыраққа көшуге түбегейлі қарсы болдым. Ол түсіністікпен қарады.

Екі баламыз да қазақ мектебінде білім алып жатыр. Ешкімге ештеңе деп жарияламай жүрміз өз-өзімізбен. Бірақ туыс бар, құрбы бар, таныс бар дегендей. «Анашым» әнін орындап жүрген әнші Тоқтар Серіков қытай азаматтарына шыққан әйелдерді жезөкше деп атапты. Сол дұрыс па? Көпшілік алдында көп жүретін адам, ол оңбаған біреу болмаса, осылай деп айтар ма еді, білмеймін. Ары жоқ, намысы жоқ, «тряпка» қылып отыр. Жоқ, ол сөзі үшін сотқа бермеймін, әнін айтып жүре берсін.

Картинки по запросу тоқтар серіков

Бір нәрсе ғана айтам ол әншіге, мен жезөкше емеспін! Менің өзге ұлтқа тиген таныс құрбыларым бар. Олар да жезөкше ме сонда? Ұят! Ер азамат, осы елдің азаматы болса, бәрінен болмасын, мендей екі баланың анасынан кешірім сұрауы тиіс Тоқтар әнші. Менің көңілім қалды, жарнама керек болса оған, ешкімнің ар-намысына тимеуі керек еді. Құдай бар. Құдайдың жазғаны болады әрдайым", - дейді ашынған Сәния Жұмашева.

Мақала авторы: Жасұлан Күрішбеков