Айсұлтан Назарбаев - Мені "Халық жауының баласы" деп атау ғана қалды ма?

[caption id="attachment_65642" align="aligncenter" width="533"]Айсұлтан Назарбаев Айсұлтан Назарбаев[/caption]

Айсұлтан Назарбаев Президенттің айналасында бүкіл мемлекетті уысында ұстап тұрғысы келетіндер ғана жиналғанын сезінудің қиын екенін жеткізді. Бұл туралы Елбасының немересі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Қазақ Үні ұлттық порталы.

«Ия, мен отандық футболдың жетекшісі емеспін. Өтемұратовқа тиесі сайт Назарбаевтың жеңілгені туралы толассыз хабарлауда. Шынтуайтына келгенде, мен бұл циркке қатыспаған де едім», — дейді Айсұлтан  Facebook парақшасында.

Айсұлтан, сондай-ақ, бүгінгі отандық футболдың тұтастай бір адамның ғана басқаруында екенін айтып, өзінің ешкімге федерацияға ие болу өтінішімен бармағаны туралы айтты. «Мен олар секілді емеспін! Мен үшін басты құндылық - намыс мен ұят», — деп сабақтады сөзін ол.

Саясатта коалициялар мен кландарға бөліну, қаржылық мүдделер туралы айтқан ол, өз сөзін - «Сіздердің келесі жүрістеріңіз - Айсұлтан Назарбаевты "Халық жауының баласы" деп атау ма?», - деп түйіндеді.

Ескерту: Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желідегі аталмыш жазбасы 2016 жылдың 30 қарашасында жарияланған болатын.