Астанада шығыс ақыны Әлішер Науаиге арналған мерекелік кеш өтті (ФОТО)

Астана - 22 ақпан, 2017 жыл. Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада әйгілі ақын Әлішер Науаиге арналған мәдени кеш болып өтті. Бұл туралы Қазақ Үні ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.

Фото Мөлдір Төлепбайқызы.

Аталмыш шара Халықаралық ана тілі күні мен Алғыс айту күніне орайластырылған.

Мәдени кешке ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Мырзатай Жолдасбеков, Өзбекстан Жазушылар одағының жетекшісі М. Ахмедов және Науаидің өлеңдерін қазақшаға тәржімалаған ақын Несіпбек Айтұлы сынды бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Фото Мөлдір Төлепбайқызы.