"Синий кит" ойыны арқылы жастарды өлімге қалай итермелейді?

Ресейдің тергеу комитеті Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ерекше топқа қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Мәскеу маңында кәмелетке толмаған балаларды ашық түрде өз-өзіне қол жұмсауға көндіретін желідегі топтың әкімшісі Филипп Будейкин құрықталды деп хабарлайды ресейлік 5-арна.

Картинки по запросу синий кит игра

Тергеушілердің ойынша бұл адам Ресейдің әр аймағынан кем дегенде 15 жасөспірімнің өліміне себепші болған. Тағы бес бала өз-өзіне қол жұмсау туралы ойынан ең соңында айнып қалған. Құрықтау кезінде Филипп Будейкин тәртіп сақшыларынан диванның астына жасырынып, бері шығудан бас тартқан.

Әлеуметтік желідегі бұл жағдайды алғаш болып журналистер көтерді. Олар адам шошырлық статистиканы келтірген. Сондай-ақ олар өз-өзіне қол жұмсаған балалардың туыстарымен тілдесе келе желідегі сұмдықтың бетін ашты. Ғаламторда 12-16 аралығындағы жастарды саналы түрде өз-өзіне қол жұмсауға ашық итермелейтін топтардың бүтін бір жүйесі анықталды.

Тергеу комитетінің өкілі Светлана Петренконың мәлімдеуінше бұл топтар жабық түрде жүргізілген. Оған мүшелікке топтың әкімшісі өзі қабылдап отырған. Оның балалардың алдында беделі жоғары болған. Ол жерде өлім мен депрессивті көңіл-күй дәріптелді. Топқа мүше балалар кезең кезеңімен тапсырма алып отырды. Оны орындай келе жасөспірімдердің ақыл-есі ауысып, психикасы бұзылған.

Тергеу комитеті күдіктіні соттауға өтініш жазып жатыр. Комитет Вконтакте желісінің басшылығын бұл қауіпті топтың қызметіне байланысты қажетті деңгейде шара қолданбағаны үшін айыптады.