Тасмағамбетов - елші. Ел не дейді?!.

Кеше Алаш қозғалысының 100 жылдығын ардақтайық деп, Алашқа сауын айтқан саңлақ саясаткер, Үкімет басшысының орынбасарын бүгін сол Алаштың түбіне жеткен бірінші жауы, ұлықталуға тиіс ұлтшылдығымызға қарсы империя Ресейге елшілікке жер аудару біздің Тәуелсіздікке 25 жыл - ширек ғасыр болса да, Кремльге қарап оразамызды ашатынымызды білдіреді...

Картинки по запросу иманғали тасмағамбетов

Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. Бұл қазақстандықтар үшін басты сенсациялық ақпарат болды.

Бұл тағайындауға қатысты Елбасы Н. Назарбаев не дейді?  

«Мен Мәскеудегі Қазақстанның елшісін тағайындадым. Ол елші Иманғали Тасмағамбетов болатын болды. Біріншіден, біз үшін Ресей өте үлкен көрші, әріптес, экономика, саясат жағынан өте жақын мемлекет. Ол жерге өте белді, тәжірибелі, салмақты, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы жағдайды білетін адам болғаннан кейін осындай шешім қабылдадым. Екінші қабылдаған себебім, Тасмағамбетовтың өзінің сұрауы солай болды. Өзінің ойы, көңілі. Сол жақта істеп келемін деп, менен сұрағаннан кейін оны да ескеріп, екі жағынан да тура келетін болғаннан кейін тағайындадым. Премьер-министр орынбасарларының аз болғаны жөн. Министрлер өз шаруасын бітіру керек ешкімге сілтемей, ешкімге сүйенбей. Берген мәселені шешіп, өздері жауап беру керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыған орай біз есімі елге белгілі саясаттанушылар мен зиялы қауым өкілдерінің Иманғали Нұрғалиұлының елші болып кетуіне қатысты пікірлерін сұрыптап назарларыңызға ұсынамыз.

Қазыбек ИСА, Ақын, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары:

Кеше Алаш қозғалысының 100 жылдығын ардақтайық деп, Алашқа сауын айтқан саңлақ саясаткер, Үкімет басшысының орынбасарын бүгін сол Алаштың түбіне жеткен бірінші жауы, ұлықталуға тиіс ұлтшылдығымызға қарсы империя Ресейге елшілікке жер аудару біздің Тәуелсіздікке 25 жыл - ширек ғасыр болса да, Кремльге қарап оразамызды ашатынымызды білдіреді... Менің айтарым, билікте жүріп, Руxаният сардары бола білген Имекең Елбасының ең бірінші сенімді серігі де және xалықтың ең бірінші үміткері болып қала береді!

Ермұрат БӘПИ, журналист:

Жасалған жорамалдардың жуығы да, жуымасы да болуы мүмкін. Ал бір жорамал анық жаңсақ: шетелдегі елшіліктер орналасқан ғимарат пен елшілік көлігінің іші сол елдің территориясы саналады. Яғни мемлекеттік-дипломатиялық қызметтегі азамат өз елінің жерінде жүр деп есептеледі. Сондықтан "соңғы 10 жыл" талабы ТАС-тың таққа таласуына кедергі етпесе керек.

Қалай болғанда да, биліктің транзиті тақаған тұста ТАС-ты таластан тайдыру - сұрқия саясатшының сұңғыла амалы деудің реті бар. Бәрін былай қойғанда, оқыстан олай-былай, аумалы-төкпелі оқиға орын алса, ТАС-тың (және жақтастарының) "ту ұстап", баррикаданың басқа бетіне шыға қалуына да қарсы қам жасалды деген сөз.

Сондықтан тастай ТАС ЕБ-ның есебіндегі үміткер емес екенін әлдеқашан сезініп, сыртта жүре тұруды жөн көрген сияқты. Саясаткердің классикалық ғұмырымен салыстырар болсақ, ТАС әлі жас - 60-қа енді ілікті. Ендеше, ол посттранзиттік таласты (бәлкім, ЕБ кеткен соң) күте тұрады. "Сұрануы" да сондықтан.

Бұл жоралғыға қалай қарайсыздар?

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

Алаш мәселесін қозғасаң Елшілікке жібере ме? Сонда Елде кім қалады?

qazaquni.kz