«Қара бауыр қасқалдақ» әнінің авторы Ілесбек Аманов өмірден озды

Желтоқсан көтерілісіне арналған «Қара бауыр қасқалдақ» әнінің авторы Ілесбек Аманов өмірден озды.

Бұл туралы желтоқсаншы Ерлан Декелбаев Фейсбуктегі жеке парақшасында жазды.

«Суық хабар! Жаңа ғана Шымкенттегі желтоқсаншы досым Исабеков Сәбит хабарласты! Желтоқсан көтерілісіне арналған «Қара бауыр қасқалдақ» әнінің авторы,сазгер Ілесбек Аманов ағамыз дүниеден өтті… Ілесбек ағамыздың иманы саламат болсын!»,- деп жазды ол.

Айта кетелік, «Қара бауыр қасқалдақ» әнінiң мәтiнiн жазған белгiлi ақын — Есенғали Раушанов. Желтоқсан оқиғасынан бір жыл бұрын туындаған бұл саяси астары бар өлеңде „Қаңғып келген шүрегей, көлге пана болмайды„ деп Колбиннің, ал „Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап„ дегенде Қонаев образы суреттеледі.