Назарбаев еліміздегі қорқақ министрлерге шүйлікті

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, алдағы орасан мақсат-мiндеттерге жету үшiн әр басшы өз мойнына жауапкершiлiк алуға қорықпауы керек. Бұл туралы елбасы үкiметте өтiп жатқан министрлер кабинетiнiң кеңейтiлген отырысында айтты, хабарлайды Baq.kz.

Назарбаев еліміздегі қорқақ министрлерге шүйлікті«Әрбiр басшы жауапкершiлiктi сырғытпай, өз мойнына алуы керек. Бiз бұл туралы үкiметтi қайта ұйымдастырғанда айтқанбыз. Әр министр өзi бұйрық шығарады, өзi соны орындайды, өзi жауап бередi. Бюджетке қазiрден бастап кiрiсiңдер, әр министрлiкке, әр өңiрге ақша бөлiнедi. Соны аламыз деп, тырмысып, қаншама жұмыс iстедiңдер, дәлелдеп алдыңдар. Ендi соны ұқсатыңдар, жеткiзiңдер, содан кейiн жауап берiңiздер. Мәселе сонда. Бiрақ, қарап отырсақ, Абай айтқандай, «Баяғы жартас сол жартас». Бәрiбiр министр премьер-министрге қағаз жазады, маған қағаз жазады, вице-премьерлерге қағаз жазады. Өзiне жауапкершiлiк алмайды. Ондай қорқақ болсаңдар, неге ондай жұмысқа келесiңдер. Басқа жерге барыңдар. Қағазға қол қоймайтын жұмыстар бар, бизнеске барыңдар», - дедi үкiмет мүшелерiне қарата президент.

Елбасының айтуынша, министрлер дербес шешiм қабылдаудан жасқанбай, мойынға жауапкершiлiк ала бiлу керек.

«Жеке мемлекет болдық. Қазақстан үкiметiнiң мүшелерісіздер! Миллиондаған азаматтарымыздың iшiнде жүзден жүйрiк, мыңнан озып шыққан сiздер деп айтатын болсақ, соны ақтау керек. Қиын болса ол жұмыс, онда басқа жаққа жылжыңдар. Мемлекеттiң мақсат-мiндеттерiн басшылыққа алып, соны орындау керек», - дедi президент.

Айта кетейiк, Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр. Кеңейтiлген отырыс әдеттегiдей Ақордада емес, ұкiметте өтуде. Жиында алдымен елдiң 2016 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары талқыланды.

Ендi мемлекет басшысы алдағы жұмысты айқындап, үкiмет мүшелерiне тапсырмалар берiп жатыр.