Универсиада-2017: Ел қоржыны алтыншы алтын медальмен толықты

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық шаңғышы Иван Люфт алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Шаңғышы Иван Люфт Қазақстанға алтыншы алтынды әпердіШаңғыдан жеке спринтте классикалық стильде Қазақстан атынан медаль үшін үш шаңғышы сынға түсті. Олар: Олжас Климин, Александр Малышев және Иван Люфт. Ал олардың қарсыласы ресейлік шаңғышылар Владимир Фролов, Юрий Гаврилов және Егор Березин болды.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Иван Люфт топ жарса, екінші орынға ресейлік Владимир Флоров ие болды. Ал қола медаль оның отандасы Егор Березинге бұйырды.