Қазақстандық шаңғышы Универсиададағы екінші медаліне қол жеткізді

Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Универсиадада екінші медальді алды деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық шаңғышы Универсиаданың екінші медалін қанжығасына байладыШевченко бес шақырым қашықтықтыққа жарыстан қола жүлдегер атанды. Ал алтын медальді ресейлік Анна Нечаевская, күміс медальді ресейлік Лилия Васильева алды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Анна Шевченко 5 шақырым қашықтықта қола медаль алған болатын. Бұл қашықтыққа жүгіруден ресейлік Лилия Васильева 14.08.6 көрсеткішімен алтын медальді, тағы бір ресейлік спортшы Анна Нечаевская күміс медальды еншіледі.