Ғалымдар сәбимен ана тілінде сөйлесудің маңыздылығын дәлелдеді

Картинки по запросу бесіктегі сәби

Оңтүстік Корей университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, оның нәтижесін жариялады. Оған сай адам кішкентай кезінде басқа елге көшіп, ана тілін ұмытса да жадында ана тілі мәңгіге сақталып қалады.

Зерттеуге Оңтүстік Корей елінен асырап алынған голланд тілінде сөйлейтін ересек адамдар қатысты деп хабарлайды bbc.com. Олар корей тілін білмесе де, корей тілінде сөйлеу мәнері сақталған. Сондықтан ғалымдар сәби дүниеге келгеннен бастап ата-аналарға балаларымен ана тілінде сөйлеуге кеңес береді.

Зерттеу тобының жетекшісі Джиун Чои маңызды тілдік икемдер адам өміріндегі алғашқы айларда пайда болады деген қорытынды жасаған. Оны бірнеше жыл өткеннен кейін де қосымша күш жұмсаймай қалпына келтіруге болады.

Ғалымдар голандтық екі топтың арасында сынақ жасады. Олар елде туып-өскендер мен сәби кезінде асырап алынғандар. 6 айға дейінгі уақытта асырап алынғандар өздеріне бейтаныс тілдегі сөздерді Голландияда туып-өскендерге қарағанда дұрыс айтады екен.

Джиун Чои осы мәліметтерді ескере отырып мынадай кеңес береді: «Өтінемін, есте сақтаңыздар, тілді үйрену сәбидің өміріндегі алғашқы кезеңде басталады. Дәл осы уақытта тілді үйрену қабілеті қалыптасады. Балаларыңызбен көп сөйлесуге тырысыңыздар. Себебі олар сіздің айтқандарыңызды сіңіріп алады».

Тілді түсіну процесі өте ерте бала ананың құрсағында жатқанда-ақ басталады. Сәби дүниеге келгенде анасының дауысын таниды.

Ана тілін түсіну өте ерте кезде қалыптасатыны бұрыннан белгілі. Алайда ана тілін игеру тәжірбие арқылы келмейтінін оның абстрактілі процес екенін ғалымдар бұған дейін білмеді.

Дереккөз: Қамшы