«Қош келдіңіз!». Нұрсұлтан Назарбаев Фейсбукке тіркеліпті (фото)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Фейсбук әлеуметтік желісіне тіркеліпті. Бұл туралы 365info.kz хабарлады.

Алайда аталған парақшаның фейк болуы әбден мүмкін. Себебі, оның ресми парақша екенін әлі бір де бір құзырлы орындар растаған жоқ.

Дегенмен парақшаға кірушілер мен Елбасымызға достық ұсынушылардың қатарында есеп жоқ сияқты. Ал президентке ақеділ тілектерін жаудырған қауым тіптен көп.

Өзінің соңғы жазбасында  Елбасы еліміздің соңғы жылдары жеткен жетістігі мен табыстарын тізбелеп берген екен. Сонымен қатар өзінің бірқатар отбасылық суреттерін де салған.