Ұлттық банк басшылығы корпоративте қалай көңіл көтереді? (ФОТО)

БЗЖҚ-нан 5 миллиард теңге жымқырылды деп халық біткен шулап жатқан кезде, Ұлттық банк жаңа жылдық корпоративін дүркіретіп өткізді. Бұл туралы qazaquni.kz порталының тілшісі хабарлайды.

ҚР Ұлттық банк басшылығы өздері үшін ақша аямай Алматының ең қымбат қонақ үйі Royal Tulip-те көңіл көтерді. Instagram желісіне салынған суреттерге қарап аталмыш жаңа жылдық кешке мыңға жуық адам қатысқанын байқауға болады. Сонымен қатар, корпоративке танымал отандық әншілер де шақырылды.

Еске сала кетейік, жақында ғана БЗЖҚ басшылығы қамауға алынған болатын. Зейнетақы қорындағы ақшаның талан-таражға түсуі халықты дүрліктірді десек артық айтқанымыз емес. Алайда, зейнетақы қорындағы жанжал да, халықтың айқайы да Ұлттық банк басшылығына Жаңа жылдық кештен артық емес.