АҚШ "Ресеймен соғысу үшін" 900 вагон әскери техникасын Еуропаға жеткізді

Похожее изображение

АҚШ артиллериялық және өзге де әскери техникаларын немістің Бремерхафен атты портына жеткізді. Ол Польшаға, кейін Балтық маңы елдеріне Ресеймен соғыс үшін НАТО әскерін күшейту мақсатында жеткізілген делінеді. Бұл туралы RT телеарнасы немістің Bundesdeutsche Zeitun басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Бундесвер қолбасшылығы өкілінің айтуынша, 7-16 қаңтар аралығында күн сайын әскери техниканың үш құрамы жіберіліп отырады. Тасымалдау үшін 900 вагон қажет болады, ал құрамның жалпы ұзындығы 14 шақырымға жетеді екен.

"Құрама Штаттары Ресеймен соғысу үшін Германияға танктерін жеткізіп жатыр", - деп дабыл қақты неміс басылымы. Кейбір мәліметтер бойынша, бұл қырғи-қабақ соғыстан бергі ең ірі дайындық деп есептеледі.

АҚШ, Канада, Ұлыбритания және ГФР балтық маңы елдеріне шамамен төрт мың әскериді жөнелтеді.

Айта кетейік, YouGov компаниясы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың мәліметінше, америкалықтардың 64 пайызы әлем қарулы соғысқа жақындап келетініне сенімді. Ал соғыс болмайды деп тек 15 пайызы дауыс беріпті. АҚШ тұрғындары дүниежүзілік соғысқа себеп деп терроризм қаупін, Сириядағы және Таяу Шығыстағы қақтығыстарды атапты.

Ұлыбританиялықтардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы осындай нәтиже беріп отыр екен.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz