Шымкентте 2 қабатты тұрғын үй опырылып, бір адам қаза тапты (фото)

Шымкентте 2 қабатты тұрғын үй опырылып, бір адам қаза тапты. Қираған аймақтың көлемі 64 шаршы метрді құрады деп хабарлайды Baq.kz ОҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте 2 қабатты тұрғын үй опырылып, бір адам қаза тапты (фото)8 қаңтар күні сағат 03:55-те ОҚО ТЖ департаментінің шұғыл кезекшілеріне алдын ала газ-ауа қосындысының жарылысынан барақ тәрізді салынған 2 қабатты жеке тұрғын үйдің опырылып құлауы туралы хабар келіп түскен.
Шымкентте 2 қабатты тұрғын үй опырылып, бір адам қаза тапты (фото)

Сағат 04:07-де оқиға орнына бірінші болып жеке құрамында 11 адам және 2 техникасы бар жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі келіп жеткен. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде үйіндінің астынан 4 адам шығарылып, олардың 3-і ауруханаға жеткізілген, 1 адам ауруханаға барудан бас тартты.

Шымкентте 2 қабатты тұрғын үй опырылып, бір адам қаза тапты (фото)

Сағат 04:25-те үйіндінің астынан 2015 жылғы сәби, сағат 04:28-де оның әкесі шығарылды. 4 минуттан кейін анасының өлі денесі табылған.

ОҚО Ішкі істер департаментінің 30 қызметкері оқиға орнында қоршау жұмыстарын қамтамасыз етіп, энергетика және газ шаруашылығы қызметінің 4 қызметкері электр қуатын және газды ажырату жұмыстарын жүргізді.