Түсінде көрген сандарды жазған әйел лотереядан $4 миллион ұтып алды

27 жыл бойы лотерея ойнаған канадалық тұрғын Ольга Бено арманына жетіп, лотереядан 3,9 миллион АҚШ долларын ұтып алды деп хабарлайды Қамшы порталы.

Түсінде көрген сандарды жазған әйел лотереядан $4 миллион ұтып алды

1989 жылы Ольга Бено түсінде белгілі бір сандардан тұратын комбинацияны көрген. Сосын 27 жыл бойы алған лотереясында ол сол сандарды ғана еш өзгертпестен жазып, толтырып отырған.

Желтоқсанның ортасында Ольга Бено күтпеген жерден 5,3 миллион канадалық долларға тең яғни 3,9 миллион АҚШ доллары көлемінде джекпот ұтып алды.

"Мен түсімде көрген сандарды жатқа білемін. Теледидар көріп отырғанда сол сандарды көрген сияқты болдым. Алайда өз көзіме өзім сенбедім. Бір жағынан көру қабілетім де нашарлау. Сондықтан еш назарға алмадым. Келесі күні әпкеммен телефон арқылы әңгімелесіп отырғанда газетті ақтарып отырғанмын. Газеттің соңғы бетінде сол баяғы сандар комбинациясын көрдім. Өзім жеңімпаз екенімді содан білдім", - дейді ол.

27 жыл бойы арманынан бас тартпаған әйел өзінің ұтысына тұрғын үй алатынын айтты. Кезінде емделу үшін Ольга үйін сатып жіберген екен. Содан бері пәтер жалдап тұрып келіпті. Енді ол жеке меншік өз үйі, өз шаңырағы болатынына қуанышты.