Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның жаңа президенті атанды

Өзбекстандағы президент сайлауының нәтижесі бойынша, Шавкат Мирзиеев елдің жаңа басшысы атанды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның жаңа президенті атандыМирзиеевке сайлауға атсалысқан халықтың 88,61 пайызы дауыс берген.

4 желтоқсан күні Өзбекстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтті. Бұған 78 жастағы президент Ислам Каримовтің 2 қыркүйек күні жүрек талмасынан қайтыс болуы себеп.