Серік Ақсұңқарұлы. Аруы Адамзаттың-Өлең деген!

aykezbe-aru   *** Аруы Адамзаттың-Өлең деген! Туасы лебізіне елеңдеп ем. Көрінсе ол өзегімді өрт көмеді, Өлең деп туған неткен өлермен ем?!
Өңім—ол, Кейде, мүмкін, түсім еді. Ұшырып көкке, Жерге түсіреді. Бір әйел түсінбеген жүрегімді, Осы Ару ғана үнсіз түсінеді. Көргенде көресінді пасықтардан, Жүректің пернесін басып қалған. Меніңше, Мұнда жүрген мен түгілі, Пушкин де осы әйелге ғашық болған. «Алла-Алаш-Адамзатың- Үш Таған»- деп, Аспанда Сол Ару Қыз ұшты алаң боп. Соңынан қалмағаным рас шығар, Қолынан, бірақ, оның ұстағам жоқ! Сөйлейді не айтса да иландырып, Жүректен ес кетеді, мидан—күдік. «А» десе— Аузынан кіл гүл төгіліп, ... Қартайып барам соны жинап жүріп...   serik-aksunkar-kopiya  Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ   qazaquni.kz