Меруерт Түсіпбаеваның қытайлық жас жігітпен жүретіні рас па?

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің жеке өміріне қатысты ел аузында таралып кеткен әңгіменің рас-өтірігін анықтап берді. Ол Қытайда жас жігіті бар екен деген сөзге соңғы нүктені өзі қойды деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтып берді.

Меруерт Түсіпбаеваның қытайлық жас жігітпен жүретіні рас па?

Меруерт Түсіпбаева көпшілік назарынан өзінің жеке өмірін құпия сақтамайтын әнші. Ол кез келген мәселеге қатысты өзінің ойын ашық айтып, әлеуметтік желілерде салмақты ойларымен белгілі.

Тіпті, өзіне деген жігіттер тарапынан ыстық ықыластың көп екенін ешқашан жасырмаған әнші осы жолы да өзіне ғашық болғандар жетіп артылатынын мойындады. Сонымен бірге, ол Қытайда жас жігіті бар дегендерге ашық жауабын айтты.

“1998 жылы менің бейнебаяным Қытайда қатты танымал болды. Сол кезде менің артымнан жүгіріп, сөз салғандар көп болды. Ғашық болғандар да, тұрмысқа шық деп ұсыныс айтқандар да болды. Бірақ мен сезімге өте тұрақты адаммын. Маған ол адам ұнамаса мен оны жаныма жолатпаймын”, – деді ол. Сонымен бірге, ол Қытайда ешқандай да сүйген жігітім жоқ деді.

“Мұның бәрі өтірік. Елдер қайдан шығарып алады. Қытайда жігітім жоқ. Нақ айтайын”, – деп жауап берді ол.