Қазақстан құрамасы Риодағы Паралимпиададан екінші медальді қоржынына салды

Паралимпиада ойындарында Раушан Қойшыбаева Қазақстан қоржынына күміс медаль салды деп хабарлайды 24.kz.

Қазақстан құрамасы Риодағы Паралимпиададан екінші медальді қоржынына салдыРио-де-Жанейрода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Раушан Қойшыбаева күміс жүлдегер атанды. Ол пауэрлифтингтен сынға түскен болатын. 67 келі салмақтағы спортшы 113 келіні еңсерді.

Бұл – Қазақстан құрамасы үшін Паралимпиададағы екінші медаль. Жалпымедалдық есеп бойынша еліміз қазір 38-орында келеді.