Қазақстанда паранджа мен никабқа тыйым салынбайтын болды

Қазақстанда паранджа мен никабқа тыйым салынбайтын болды. Бұл туралы ҰКК төрағасының орынбасары Марат Қолқобаев "Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы кезінде мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қазақстанда паранджа мен никабқа тыйым салынбайтын болдыҚолқобаевтың айтуынша, бұл жобаны таныстырмас бұрын жұмыс тобы өзге елдердің тәжірибесін жіті зерттеген. Оның ішінде, паранджа мен никаб киюге тыйым салу мәселесі қамтылған Германияның терроризмге қарсы заңдарына назар аударған.

«Германияда былтыр байланыс операторларын абоненттердің қоңыраулары мен байланыстары жөніндегі деректерді сақтауға міндеттейтін заң қабылданған-ды. Сонымен бірге, Германияда никаб мен паранджа киюге тыйым салу, мигранттарды депортациялау және 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар да қаралып жатыр. Дәрігерлік құпияны да алып тастау мүмкіндігі талқылануда", - деп мәлімдеді Қолқобаев.

Алайда, жұмыс тобы Қазақстанда діни киім киюге тыйым салу мәселелесі қаралмайтынын айтты.

«Халықаралық тәжірибені зерттеу арқылы киім киісті шектеу мәселелері орынсыз деп танылды", - деп қорытындылады Қолқобаев.