Майкл Фелпс тарихта Олимпиаданы 19 рет жеңіп алған алғашқы спортшы атанды

Америкалық танымал жүзгіш Майкл Фелпс Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізіп, АҚШ қоржынына тағы бір алтын медаль салды.

Майкл Фелпс тарихта Олимпиаданы 19 рет жеңіп алған алғашқы спортшы атанды100 метрге еркін жүзуден өткен эстафетада Фелпс бастаған төрттік алдына жан салған жоқ деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Финалдық кезеңде Фелпс пен оның командаластары Калеб Дрессел, Райан Хелд және Натан Эдриан 3 минут 9,92 секунд көрсеткішімен көш бастаса, екінші орынды 3.10,53 нәтижесімен француз командасы жеңіп алды. Ал, 3.11,37 көрсеткішіне қол жеткізген австралиялық спортшылар жарыстың қола жүлдегері атанды.

Осылайша, 31 жастағы Майкл Фелпс тарихта Олимпиада ойындарының 19 алтынын иеленген алғашқы спортшы атанып отыр. Сондай-ақ, жалпы олимпиадалық медальдар саны жағынан да Фелпске жетер бірде-бір спортшы жоқ. Күміс пен қола жүлделердің бәрін қосқанда америкалық жүзгіштің еншісінде 23 олимпиада медалі бар.