«Ақ жол» партиясы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

ак-3 Жыл сайын баспасөз және ақ­парат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттық­тауды дәстүрге айналдырған Қазақ­станның «Ақ жол» демократиялық партиясы бұл мәрте де сол игі дағдысынан айныған жоқ. Осы жолғы құттықтау қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен, ұйым жетекшілері БАҚ өкілдеріне ауызашар берді. Партия жетекшісі, Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Алматыға арнайы сапармен келіп, еліміздің саяси-экономикалық, рухани өмірі мен мемлекетіміз идеологиясын насихаттауда лайықты тер төгіп жүрген бірқатар журналистің еңбегіне зор табыс тіледі. Олардың әрқайсына Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады. Марапатқа ие болғандар қатарында Серік Жанболат, Серік Абас-Шах, Дәурен Қуат, Дина Елгезек, Айнұр Төлеу, Бейбіт Сарыбай, Диас Нұрақын сынды өзге де көптеген журналистер бар. Сыйлықтан республикалық «Қазақ үні» газетінің өкілдері де құр қалған жоқ. Шараға «Ақ жол» демократия­лық партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса, партияның Орталық комитетінің хатшысы, журналист Арман Сқабылұлы, Парламент мәжілісінің депутаттары Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсенбиновтер қатысып, журналистерге тілектестік білдірді.

qazaquni.kz