«ПАНАМА ТІЗІМІНЕН» ЕРЛАН САҒАДИЕВТІҢ ДЕ АТЫ ШЫҚТЫ...

 Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) тағы да ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ӘШКЕРЕ ЕТТІ

«Панама тізімі» тағы екі қазақстандықты әшкере етті, - деп хабарлайды Qamshy.kz"  Коммерсант-қа" сілтеме жасап. Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) дүйсенбі күні жариялаған Mossack Fonseca офшорлық регистратор клиенттері туралы мәліметтер базасында одан басқа Қазақстанмен байланысты  тағы төрт компания аталады. Мәліметтер базасында «панамалық файлдардағы» 214000 офшорлық компания жайлы ақпараттар бар. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, төрт фирманың (Air (Kazakhstan) Cargo Company Inc., Trading house of Kazakhstan LTD,  South Kazakhstan Development Corporation LTD, CNOOC Kazakhstan Limited) Қазақстанға қатысы бар. Сондай-ақ, South Kazakhstan Development Corporation LTD  офшорлық компаниясының иелері ішінде Қуаныш Жылқышиев пен Айсұлу Амралинаның есімдері аталады. Ондағы материалдарда сонымен қатар, Ресейде 229 офшорлық компания иелері, Қытайда 9000, АҚШ-та 4500, Ұлыбританияда 920 офшорлық компания бар екені айтылады. Естеріңізге салсақ, 3 сәуір күні де ICIJ Mossack Fonseca офшорлық регистратор клиенттері мәліметтер жариялаған болатын. Онда әлем елдерінің бұрынғы және қазіргі 12 президентінің, 50 шақты танымал тұлғалар мен 100-ден астам саясаткерлердің есімдері аталған болатын. Бұл туралы "Қамшы" сайты жазады. Ал Азаттық радиосының  жазуынша құжатта Erlan Sagadiev есімді адамның Уругвайда тіркелген Masterton Management LTD компаниясына иелік ететіні айтылған.sagadiev
"Журналистік зерттеуде Қазақстанға қатысты жарияланған ондаған адамның арасында миллионер бизнесмен Сержан Жұмашев, ENRC металлургиялық кәсіпорны иелерінің бірі Патох Шодиев, бизнесмен Марғұлан Сейсембаевтардың есімдері аталған. Кейбір елдерде «Панамагейт» құжаттары офшорлық іс-әрекеттерін әшкерелеген саясаткерлер қызметтен кетуге немесе жұртшылыққа құпия болып келген мәліметтерге қатысты түсініктеме беруге мәжбүр болған. Қазақстанда журналистер консорциумы жүргізген зерттеу ешқандай реакция тудырған жоқ. Бас прокуратура ICIJ материалдарындағы мәліметтерге қатысты Азаттықтың жазбаша сауалына берген жауабында әшкере болған деректерге қатысты тексеру жүргізбейтінін хабарлап, оны «бұл материалдардың шығу көздері туралы қандай да бір шынайы мәлімет жоқтығымен» түсіндірген" деп жазады Азаттық радиосы. qazaquni.kz