"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

САҢЛАҚ САЯСАТКЕРДІҢ САЗДЫ ӘНІ немесе МИЛЛИОНЫНШЫ ТЫҢДАУШЫ БОЛҒАНЫМА ҚУАНДЫМ (аудио-видео)

Мен былтыр күзде саңлақ саясаткер, руханиятқа қамқор рухы биік қайраткер Иманғали Тасмағамбетовтың осы «Дос керек» әнін ғаламтордан тауып алып, тыңдап едім. Сонда «Сіз 999 999-шы тыңдаушысыз» -деген орысша жазу шығып, интернет сыйлыққа танымдық ойын ұсынды. Одан біраз телефон балансына бірлік ұтып алдым. Содан соң қайта-қайта тыңдайтын болдым… яғни, 1000 000-шы, 1000 001-ші, 1000 100-ші… дегендей. Сонда Имаш ағаның бұл керемет әуезді, қоңыр дауысты әнін тыңдағандар миллионнан да асып кеткен екен ғой деп ойлап, өзім миллионыншы болғаныма қатты қуандым…

Шіркін, Әнді бұлай шынайы сезім, шын жүрекпен шырқай білу зор бақыт қой!.. Сондықтан бұл әнді телефонына қойып қойғандар өте көп…  Әннің авторлары ақын Шөмішбай Сариев пен композитор Владимир Питерцев болуы керек қателеспесем…

imangali 6  Жалпы, билік басында жүргендердің қазақ әніне, әдеби-мәдени әлеміне жақын болуы елдің ықыласын оятатыны анық.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлпар мен домбыраның құлағында қатар ойнайтыны қалың елге мәлім. Қазақ қаламгерлерінің  қабырғалы шығармаларын түгел оқитын, кез-келген халық әнін, әсем әндерді жатқа айтатын Елбасының әсіресе, Иманжүсіптің әнін керемет орындағанын ғаламтордан көрген ел қатты разы болған еді…

Имаш ағаның достарына адалдығы, қамқорлығы ел ішінде ерекше ықыласпен айтылады. Ол достарының ішінде әйгілі әдебиет пен мәдениет тарландарынан қарапайым ауылдағы кластастарына дейін бар.  Осы әсем айтылған әнді тыңдағасын, мен талайдан бері аздап ренжіп, хабарласпай кеткен ауылдағы досым Батырға  хабарласып, телефон соқтым… Арадағы кірбің лезде шайылып шыға келіп, шайдай ашылған  көңілмен шәйі орамалды кептіріп,  емен-жарқын әңгімелесіп кеттік…  Мен оған сөзімнің соңында «Сен мына әнді тыңдашы» деп, телефонына осы Имаш ағаның  орындауындағы «Дос керекті» жібердім.  Жарты сағаттан соң, «Сенің неге телефон соққаныңды енді түсіндім… Бұл әнді мен бірінші тыңдағанда өзім бірінші хабарласар едім… Алдымен Имекеңе рахмет, содан соң саған досым,  ризамын» -деп ағынан жарылды ол да… Бұндай оқиға тек менің ғана басымда болмағанына айқын сенемін…

Ән мен әнші құдіреті деген осы!  «Егер Имекең әнші болып кеткенде қазіргі жұлдыздарымыз қайтер еді»-деген де ой келеді. Бірақ, құдай сақтап, саясаткер болғанына Аллаға шүкір. Әйтпесе, дарынға бай қазақта әншілердің саны бір адамға көбейгенімен,  саусақпен санарлық саясаттағы саңлақ тұлғалардың арасында  орны ойсырап тұрар еді…

Алаштың маңдайына біткен ақберен тұлға, асыл ағамызға Алла жар болсын  деп тілейік!

Қазыбек ИСА

qazaquni.kz

 

ДОС КЕРЕК

Cөзі – Ш.Сариев, әні -В.Питерцевтікі

Жалғаныңан жалыққанда дос керек.
Сағыныштан зарыққанда дос керек.
Арман алыс уміт ұзап жеткізбей,
Жалғыз қалып камыққанда дос керек.

Кіші-үлкенмен келісуге дос керек.
Мауқың басып көрісуге дос керек.
Тірлігіңде қызық көріп, той тойлап,
Қуанышты бөлісуге дос керек.

Қайырмасы:

Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
Бұл дуниеде саған досым-ай,
Саған досым-ай, саған досым ризамын!

Дұшпаныңмен егесуге дос керек,
Ақылдасып кеңесуге дос керек.
Қадіріңді білмейтұғын тірлікте,
Ағайынмен теңесуге дос керек.

Зәбір көріп, айырылғанда дос керек.
Табанынңан тайдырғанда дос керек.
Қорлык көріп, қаумалаған көп иттен,
Көкжалдайын қайғырғанда дос керек.

Қайырмасы:

Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
Бұл дуниеде саған досым-ай,
Саған досым-ай, саған досым ризамын!

Жапырақты жаярыңда дос керек.
Өміріңнің баянында дос керек.
Бақұлдасып қалу үшін армансыз,
Ғұмырыңның аяғында дос керек.

Дұниенің жалғанында дос керек.
Қанатыңның талғанында дос керек.
Қуанатын жүрегімен сен үшін,
Жұлдызыңның жанғанында дос керек.

Қайырмасы:

Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
Бұл дуниеде саған досым-ай,
Саған досым-ай, саған досым ризамын!
Саған досым ризамын!





37 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Махамбет 16 Сәуір, 2015, 12:27

    Не деген керемет айтады әнді! Әнші болса да, әйгілі әнші болар еді деп ойлаймын

    Жауап жазу
  2. adil Author 16 Сәуір, 2015, 13:03

    САҢЛАҚ САЯСАТКЕРДІҢ САЗДЫ ӘНІ немесе МИЛЛИОНЫНШЫ ТЫҢДАУШЫ БОЛҒАНЫМА ҚУАНДЫМ. https://qazaquni.kz/?p=35255

    Жауап жазу
  3. нуря шуря 16 Сәуір, 2015, 13:59

    Иманғали Тасмағамбетовтың көпшілік біле бермейтін тамаша әні. Бұл әнді алғаш естіген адамдар таңданысын да білдіруде.

    Жауап жазу
  4. Іңкәр 16 Сәуір, 2015, 14:04

    Қайта-қайта тыңдай бергім келеді! Мен де телефоныма жазып алдым. Иманғали ағаға көп рахмет!

    Жауап жазу
  5. Ей-Назар Назаралы 16 Сәуір, 2015, 14:05

    Ғажап ән екен! Бірінші рет тыңдаппын… Қандай әсерлі сезіммен айтады!…

    Жауап жазу
  6. Гүлмира 16 Сәуір, 2015, 16:42

    Елімізде «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттер бар десек, соның бірегейі Иманғали Тасмағамбетов десек артық айтқандық емес. Елі үшін еткен еңбегі, Астана қаласын гүлдендіруге қосқан үлесі, қорғаныс саласының жұмысына жан бітіргені бәрін сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Ал, бүгінгі ән шырқауы жәй ғана әу деп жұлдызбен деп кеудесін керген талайды жолда қалдырды. КЕРЕМЕТ АҒА!!! Елі үшін туған сіздей ерлер аман болсын!

    Жауап жазу
  7. Қазақ қызы 16 Сәуір, 2015, 17:03

    Шындығында да, достардың арасындағы кірбіңді жазуға ықпал етерлік әдемі де әуезді ән…Осы әнді тыңдап қаншама достар табысқаны сөзсіз…

    Жауап жазу
  8. Әлем 16 Сәуір, 2015, 17:20

    Достардың арасын жақындатып, араздасқанды қосатын тағылымды да, тартымды ән екен! Иманғали ағаның достарында арман жоқ шығар…

    Жауап жазу
  9. Әлем 16 Сәуір, 2015, 17:53

    ДОС КЕРЕК

    Жалғаныңан жалыққанда дос керек.
    Сағыныштан зарыққанда дос керек.
    Арман алыс уміт ұзап жеткізбей,
    Жалғыз қалып камыққанда дос керек.

    Кіші-үлкенмен келісуге дос керек.
    Мауқың басып көрісуге дос керек.
    Тірлігіңде қызық көріп, той тойлап,
    Қуанышты бөлісуге дос керек.

    Қайырмасы:

    Дән риза менің нәзік гүл жаным,
    Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
    Бұл дуниеде саған досым-ай,
    Саған досым-ай, саған досым ризамын!

    Дұшпаныңмен егесуге дос керек,
    Ақылдасып кеңесуге дос керек.
    Қадіріңді білмейтұғын тірлікте,
    Ағайынмен теңесуге дос керек.

    Зәбір көріп, айырылғанда дос керек.
    Табанынңан тайдырғанда дос керек.
    Қорлык көріп, қаумалаған көп иттен,
    Көкжалдайын қайғырғанда дос керек.

    Қайырмасы:

    Дән риза менің нәзік гүл жаным,
    Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
    Бұл дуниеде саған досым-ай,
    Саған досым-ай, саған досым ризамын!

    Жапырақты жаярыңда дос керек.
    Өміріңнің баянында дос керек.
    Бақұлдасып қалу үшін армансыз,
    Ғұмырыңның аяғында дос керек.

    Дұниенің жалғанында дос керек.
    Қанатыңның талғанында дос керек.
    Қуанатын жүрегімен сен үшін,
    Жұлдызыңның жанғанында дос керек.

    Қайырмасы:

    Дән риза менің нәзік гүл жаным,
    Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
    Бұл дуниеде саған досым-ай,
    Саған досым-ай, саған досым ризамын!
    Саған досым ризамын

    Жауап жазу
  10. Батыр 16 Сәуір, 2015, 19:41

    Тамаша айтыпты!Алғаш маған телефоныма жібергенде тыңдағанымда таң қалғаным рас. Имекең сөйлегенде де дауысы диктордың дауысындай екеніне қарап, әнді жақсы айтатын шығар деп ойлап жүр едім. Түйсігім алдамапты, әнді әдемі де, әсерлі айтады екен!

    Жауап жазу
  11. Қолқоюсыз 16 Сәуір, 2015, 19:42

    Керемет! Сөз жоқ айтарға!

    Жауап жазу
  12. Динара 16 Сәуір, 2015, 20:43

    Тамаша ан! Имангали агамыз 8 кырлы 1 сырлы азамат екен гой. Менин билгим келетини анди кай досына арнады екен? ))

    Жауап жазу
  13. раха 16 Сәуір, 2015, 21:28

    Жаксы…

    Жауап жазу
  14. Умбетов Абдиманап 17 Сәуір, 2015, 18:05

    Әнде, орындаушысыда КЕРЕМЕТ!!!!

    Жауап жазу
  15. Мадияр 17 Сәуір, 2015, 19:18

    Имекеңдей азаматтар қазақтың маңдайына біткен ірі тұлға ғой! Ол кісінің мәдениетімізге, тарихымызға, тілімізге сіңірген еңбегі зор! Көптеген мәдениет қайраткелеріне қамқор болып жүрген адам. Осы әнінен-ақ ол кісінің қандай екенін білуге болады!

    Жауап жазу
  16. Қазыбек Author 17 Сәуір, 2015, 22:52

    Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласы әкімі кезінде Республика сарайында есеп беру жиынында бір орыс кемпір тұрып алып: «Орталық мешіттің қасында тұрамыз, күніне бес рет азан шақырып, мазамызды алады» – деп шағымданды. Сол кезде Имекең бірден: «Егер алтыншы рет азан шақыратын болса, тіке маған айтыңыз, дереу шара қолданамыз» -деп сарт еткізді. Ел ду-у ете қалды. Азанның 5 рет шақырылатынынан хабары жоқ әлгі кемпір қайта-қайта рахмет айтып, риза болып кетті. Иә, Имекеңнің осылай қынаптан қылыш суырғандай тіліп түсетін тапқыр да, өткір жауаптары ел аузында жүр.

    Жауап жазу
  17. көгжал 19 Сәуір, 2015, 21:12

    керемет, бәрі қарапайым түсінікті…

    Жауап жазу
  18. Қолқоюсыз 21 Сәуір, 2015, 19:47

    Имекең айтқан бұл әнді Достықтың гимні деуге болады!

    Жауап жазу
  19. Рашит Ахетұлы 21 Сәуір, 2015, 19:48

    Ғажап ән екен! Қалай керемет айтады Имекең!

    Жауап жазу
  20. Қолқоюсыз 22 Сәуір, 2015, 16:10

    Мен де ақыры үйреніп алдым бұл әнді. Рас имекеңдей айту қайда?!

    Жауап жазу
  21. Қолқоюсыз 22 Сәуір, 2015, 16:11

    Нотасы бар ма екен? қайдан табуға болады?

    Жауап жазу
  22. Aygera 25 Сәуір, 2015, 13:07

    Бірлігі жарасқан қазақты ешкім жеңе алмаған, сондықтан да ертен сайлауда ат салысып толық барып таңдау жасайық, ағайын!

    Жауап жазу
  23. Рәш 5 Мамыр, 2015, 14:36

    Бар жұмыстан шаршағанда, достарымды аңсағанда Иманғали ағаның осы әсем әнін тыңдай бергім келеді.

    Жауап жазу
  24. марина 18 Мамыр, 2015, 11:01

    керемет! Имаш аға ден саулығыңыз мықты болсын, шыдамдылық- төзімдік тілеймін

    Жауап жазу
  25. Шолпан 2 Шілде, 2015, 03:36

    Басынан не қиын кез өтті ғой.Халықтың бабын табу оңай емес. Астанада əкім боп тұрғанда сходта екеуміз ренжісіп қалып едік.Жігіттік сөзінде тұрып бүкіл проблема ны шешіп берген.Келесі сходқа барып сол сөздерім үшін кешірім сұрайын десем ауысып кетті. Осы менің кешірім сұрағанвмды жеткіз ген кісіге өле – өлгенше батады беріп өтемін

    Жауап жазу
  26. Бағдат 11 Шілде, 2015, 02:27

    Иманғали ағамызға аңгіме жоққо ер-азамат болсаң осы кісідей болу керек, əн салғаны үшин емес жалпы….

    Жауап жазу
  27. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 16:33

    гәп тасмағанбетовқа елдің сенуінде деп оилаймын

    Жауап жазу
  28. Сембек Сансызбайұлы 30 Шілде, 2016, 16:35

    Имеке жалпы қазақтың жүрегінің төрінен орын алған Сіздей ел қамқоршысын енді еліміздің қорғаныс уәзірі етіп сайлағанына Елбасымызға мың алғыс! Имеке қазіргі алмағайып заманда Сізді еліміздің қорғанысы саласын күшейтеді деп сенеміз! Алла қолдап, қорғап жүргей Сізді әрдайым, әумин!

    Жауап жазу
  29. Сенбек Сансызбайұлы 30 Шілде, 2016, 16:40

    Елге тисе пайдасы,
    Ол жігіт шалқар көлмен тең.
    Тимесе елге пайдасы,
    Ел қонбайтын шөлмен тең!-дейді халқымыз даналығы. Құрдасым Иманғали менің 12 жылдан бері үйсіз, күйсіз жүрген оралман екенімді қайдан білсін. Білсе қол ұшын созатын азамат қой ел үшін еңірейтін!

    Жауап жазу
  30. Махамбет 30 Шілде, 2016, 16:47

    Егер Имекеңдей оншақты оғлан болса, мемлекетіміз қазақыланып, қарыштап кетер еді…

    Жауап жазу
  31. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 16:48

    Нөмірі бірінші саясаткер – Иманғали Тасмағамбетов. Рейтинг көрсеткіші осылай.

    Жауап жазу
  32. Бейсенбаев Сағындық 30 Шілде, 2016, 16:49

    И.Тасмағамбетоытың ең бірінші саясаткер екенін растаймын. Ол шын мәнінде қазақ елінің адал азаматы екенін дәлелдеп, сол жөнінде еңбек етіп келе жатқан халқымыздың аяулы ұлдарының бірі.

    Жауап жазу
  33. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 16:50

    Астанаға көшіп келгеніме үшінші жылға кетті. Осы аз мерзімдегі өзгеріс кісіні таңғалдырмай қоймайды.Көшелер қандай, аулалар қандай! Автобустар қызметі.Ыстық, суық су бір үзілмейді. Суды шүмектен құйып-ап іше бер, дүкеннің сатулы суынан кем емес. Бір кездерде американдықтар үйде аяқкиімдерін шешу былай тұрсын, аяқкиімдерімен төсекке жата кетеді деп еститінбіз. Мәдениеттерінің өзгешелігі ғана емес, жүретін-тұратын жерлерінің кіршіксіз тазалығына байланысты екен ғой алдымен. Астана сондай күнге жақындап қалғандай.Шіркін,әкімдердің тым болмаса ширегі Иманғали мырзадай болса ғой. 2013 жыл

    Жауап жазу
  34. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 16:51

    Жігіттер Имекеңді қазаққа берген қылған аллаһқа шүкіршілік қылайық.Ол да пенде,кемшілігі бар шығар,кемшіліксіз таза адам жағымпаздық пен парақорлық жайлаған қоғамда әкім, министр болу мүмкін емес.

    Жауап жазу
  35. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 16:52

    Есімов екінші емес. Екінші Сапарбаев. Ал Иманғалиға әңгіме жоқ

    Жауап жазу
  36. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 16:53

    Иә, енді Имекең “Мемлекеттік тіл туралы” ҚР Заңының қабылдануына ат салысса тамаша болар еді!

    Жауап жазу
  37. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 17:13

    Қазір ел Нұрекең кететін болса, Иманғалиға ғана сенеді!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*