“Орда” тобы тарады

Орда тобы қазақ сахнасында енді бірігіп, ән салмайды. Бұл туралы топтың өзі құрылғанына 15 жыл толуына орай  өткізген концертте мәлім етті.

Photo: "Орда" тобы тарады 22 наурыз күні Алматының орталық алаңында өздерінің құрылғанына 15 жыл толуына орай концерт өткізген “Орда” тап сол жерде “бұл біздің топ ретінде сіздердің алдарыңызға соңғы рет шығуымыз деп” ресми түрде жария етті. Бұлай ететін де жөндері бар. Себебі топты құрғанда құрамындағы жігіттер жалындап тұрған жас еді. Бүгінде бәрі бір-бір үйдің отағасына айналды. “Отызда орда бұзар” деген осы шығар. Ештеңе етпейді, есесіне “қырқында қамал алатын” шығар.