"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Жаңа жылдан бастап мұғалімдер жалақысы көбейеді

Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға өседі.

 Жаңа жылдан бастап мұғалімдер жалақысы көбейеді

Бұдан бөлек оларға түрлі үстемақы да еселеп төленбек. Үкімет ең алдымен ауыл мектептеріндегі оқытушылардың еңбекақысын көтереміз деп отыр. Және ол қалалық ұстаздармен салыстырғанда жоғары болады.

Ол үшін қазынадан қосымша 140 миллиардқа жуық теңге бөлінуі мүмкін. Яғни, 14-17 жылдық тәжірибесі бар жоғары санаттағы мұғалімдердің жалақысы қазір 81 мың теңге болса, келесі жылы шілдеден бастап 110 мың теңгеге жетеді. Тіпті ұстаздардың ынтасын арттыру үшін үстемақы төлеуді де қолға алынбақ.

Осылайша, Білім министрлігі төл мерекесі қарсаңында ұстаздарды жарылқап жатыр.

«Бірақ, ұстаздардың жалақысы жаппай көтерілмейді. Егер, бәрінің еңбекақысын бірдей өсірсек, инфляция болады, азық-түліктің бағасы қымбаттауы мүмкін. Сондықтан жалақы мұғалімдердің біліктілігіне, шеберлігіне байланысты өседі», – дейді Білім және ғылым министрі  Аслан Сәрінжіпов.

Источник: КТК арнасы





329 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Гүлжан 28 Қараша, 2017, 23:19

    Әрине ұстаздың еңбегі өте ауыр! Қалады жастар жалақының аздығынан мектептен кетіп жатыр. Ал ауыл мұғалімдерінің табыс көзі, әр қайсысының басында кредит бар. Олар амал жоқ қиындыққа төтеп беруде. кез келген ауыл ұстазы» жейтін нанымызды адалдап жейік » -дейді. Ауыл мектебіндегі жағдайды, үй шаруасы мен мал ұстайтын ұстаздарға өте ауыр. Қағаз бастылық, эл. күнделік онда бар. Алтын уақытымыз оқушыға білім берумен емес, қағаз жазып, оны жинақтаумен, жоғарыдан келген тапсырмаларды орындаумен кетіп жатыр. Осыған шектеу болса нұр үстіне нұр болар еді.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 2 Желтоқсан, 2017, 20:00

    Сəлеметсіздер ме. Ұстаздардың еңбегін əлі де бағаламай отырғандарыңыз жанға барады. Айлық жалақысын көбейтуге деген сылтауларыңызды қаржылық экономиканың жөнсіз кетіп бара жатқанымен байланыстыру ақылға сыймайды.
    Қазіргі таңдағы мұғалімнің күнделікті өмірін қысқаша баяндап берейін:
    Жаңашылдық бағдарламаның сан түрлі əдістемелік материалын оқиды;
    Қайтсем тəжірибеме енгізем деп ойға шомып, сабақ жоспарын құрады;
    Мектепке келіп, оқу процесін жүргізеді. Бірақ алдында оқуға құлықсыз оқушылар отырады. Себебі, олар түнімен ұялы телефонды қарайды, азанғы уақытта ұйқысы келеді.
    Енді не істейтінін білмей басы қатады;

    Үздіксіз оқушысын шəкірттік деңгейге көтеремін деген мұғалімнің жалақысын көтеруге сіздер тағы да құлықсызсыздар.

    Ұстаздар да өз өмірлерін сіздер сияқты бахуатты етіп сүргісі келеді. Себебі, олар мемлекеттің іргесін қалаушыларды тəрбиелейді.

    Жауап жазу
    • Ая 4 Ақпан, 2018, 22:06

      мектепалды даярлық сыныбына беретін мұғалімнің жалакысы көтерілеме еңбектің бəрі сол мұғалімдер де.

      Жауап жазу
      • Айман 15 Ақпан, 2018, 11:15

        осы мәселе туралы көп тәрбиешілерде сұрақтар туындауда.
        Балабақша тәрбиешілерімен мектеп алды даярлық топтарымен сыныптарында жұмыс жасайтын тәрбиешілердің жалақысына өзгерістер болама?

        Жауап жазу
  3. Алинур 15 Желтоқсан, 2017, 10:58

    Қоғамда ұстаз беделі көтеру кезек күттірмейтін мәселе . Ұстаз әлеуеттік тұрғыда қорғалған ,жалақысы жоғары болса кез келген талапты орындайтын ,істеген жұмысынан нәтиже шығаруға дайын тұратыны белгілі емес пе

    Жауап жазу
  4. Гуля 24 Желтоқсан, 2017, 23:30

    неге сынып жетекшілерінін жалакысын көтермейді? 5000 тенге азгой. неге соны колга алып сынып жетекшілерінін еңбегін багаламайды

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 3 Қаңтар, 2018, 15:30

    Мұғалімдер жалақысы оскен дұрыс ал тәрбиеші тәрбиешінің көмекшісі тех персонал олардын жазыгы не олардын жалаеысы неге оспейди лоарда бала тарбиелеп когамга еңбек етеді ғой

    Жауап жазу
  6. Аманкул 8 Қаңтар, 2018, 14:50

    Қаланың мектептерінің де айлағын көбейту керек.Бір сыныпта 40 оқушы білім алады.Қосымша білім беру оратылықтарының да айлығын көбейтіңіздер. Олардың да жұмысы жеңіл емес

    Жауап жазу
  7. жангабулова кенжегул 10 Қаңтар, 2018, 14:49

    неге тек мугалимдрдн жалакысын котеред т
    бала бакшада истеитн тарбиешилердикин неге коспаиды жалакыны

    Жауап жазу
  8. Ғалия 10 Қаңтар, 2018, 15:58

    Қара жұмысшыларға қосыла ма? Ең төменгі ақы алатындар ғой

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 12 Қаңтар, 2018, 12:57

    Кітапханашыларга неге қосылмайды. Еңбектері мүлдем елеусіз. Ары бері жүгірумен өткізеді күндерін. Таситындары кітап шаң тозаңнан көз ашпайды

    Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 17 Қаңтар, 2018, 19:51

    Мектеп лаборанттарына жалакы косылады ма? Билесиздер ме

    Жауап жазу
  11. Айару 26 Қаңтар, 2018, 14:32

    Казак тылынен неге тест ала береды оданша биология агылшын тылы математики физикадан география панынен алсын бул пандер болашак ушын манызы бар

    Жауап жазу
  12. Айлина 26 Қаңтар, 2018, 14:35

    9 10 11 сынып ушын гылыми багытта тест алу керек казак тылынен ала бермей математика физика агылшын биология пандерынен алса ол бала болашагы ушын манызды

    Жауап жазу
  13. мейркул 28 Қаңтар, 2018, 17:26

    Мектепалды даярлық тәрбиешілернііке өсеме 30пайыз?

    Жауап жазу
  14. Нургуль Мейрамбековна 1 Ақпан, 2018, 10:37

    Неге мектепалды тəрбиешілеріне жалақы қоспвйды

    Жауап жазу
  15. айгул 4 Ақпан, 2018, 14:16

    Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы неге көтерілмейді. Тәрбиеші педагог болу оңай болса мұғалім болу да қиын емес қой.

    Жауап жазу
  16. сыр 13 Ақпан, 2018, 21:23

    балабақша тәрбиешілерінің жалақысышы? барлық адам бірдей емес пе? Тәрбиешілердің жалақысы көтерілудің орнына төмен түсіп бара жатыр!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*