ҚАЗАҚТЫҢ ӨЛШЕМДІ ЛАТЫН ӘЛІПБИІ

latyn 

ҚАЗАҚТЫҢ    ӨЛШЕМДІ ЛАТЫН ӘЛІПБИІ 

Өркен Тоқтарұлы

 Алматы - 2014 

Мазмұны

 

Кіріспе. 2 1.  Латын тілі тарихтың жасампаз туындысы. 3 2.  Латын тілі тұғырлы бәйтерек. 4 3.  Латын әліпбесі толғауы тоқсан икемді. 4 Қазақтың өлшемді латын әліпбесі 5 4.  Латын әліпбесіне көшу орындалмай қоймайтын тарихи мақсат. 7 Қазақ әліпбелерінің тарихи салыстырмалы кестесі 8 Пайдаланған әдебиеттер.. 10  

ҚАЗАҚТЫҢ ӨЛШЕМДІ ЛАТЫН ӘЛІПБИІ

Кіріспе

 

«Қазақ тілін латын алфавитіне көшіру – ішкі қажеттілік»

-      Н.Ә.НАЗАРБАЕВ

  «Дүниедегі жолдардың барлығы Рйімге алып барады» - деген секілді «Дүниедегі тілдердің барлығы латын тіліне алып барады». Бұл тілдің ғылыми әрі көркем жасалғаны соншалықты, тіпті одан кемшілік іздеудің өзі қылмыс секілді. Ал оның әліпбесінің тұғырының беріктігі соншалықты, екі мың жыл бойы тіпті ешқандай өзгеріске жолықпаған деуге де болады. Сондықтан да болар, қазіргі таңда дүниедегі тілдердің 80 пайызы осы латын әліпбесінде сөйлейді. Сол себепті қай тілдің болмасын латын әліпбесінде жазылуының өзі бір мәртебе. Ал біз тағы нені күтіп отырмыз, байағы қараңғылықтың қалдығы болып отыра бермекпіз бе? Тіліміздің қашанға дейін кирильдің босағасында бейшара кейіпте қалтырап тұрғанын қалайсыздар? Көкірегінде біртұтам намысы бар азамат болса, ана тілімізді осы 42 былық кирильдің қыйанатынан құтқара алмаса да, соған үн қосар еді-ғой?! Ең қарапайым мысал: Менің жеке куәлігімде аты жөнім Оркен Токтарулы деп жазылған. Бұны көрген сайын ішім удай ашиды, себебі өзіммен қоса әкемнің аты аяққа тапталып тұр. Неге дұрыстап жазбасқа? Оның себебі қазақта әлі күнге дейін ресіми әліпбе жоқ! Ал 42 таңбалы кирилица дегеніміз 33+9 қосымша, түсіндіңізбе? Ешқашан ресми емес, «қосымша+9»! Тіпті, сорақылығы сонша, кейбір орысша сайттарға кіріп, ана тіліңізде жазсаңыз, автоматты түрде біздің «қосымша+9»-ымызды қоқсықтай етіп сүзгіден өткізіп алып тастайды. Сонда Менің аты жөнім ол жерде автоматты түрде «Ркен Тотарлы» болып өзгереді. Ал енді паспортымда халқаралық таңбада Orken Toktaruly деп жазылған. Бұны ешқашан қазақша оқи алмайтыным белгілі. Сосын маған бір ой туды, егер ана тіліміздің ерекшеліктерін латын әрпінде бейнелей алсақ қандай тамаша болар еді? – деген. Сөйтіп кітапханалардан латын тіліндегі әдебиеттерді ақтарып жүріп, өз аты жөнімді латынша:   Oerken Toqtaruli деп жазуға болатынын білдім. Сол себепті, менің бұл еңбегім өз аты жөнімнен басталған деуіме болады. Сонымен мен де көптеген латын жанкүйерлері секілді жылдар бойы латын тілі мен жазуын зерттеп келемін. Ақыры бір ұшына шыққан секілдімін. Қазақтың латын әліппесін жасауда алған түйіндерім мыналар болды:
  1. 1.  Латын тілі тарихтың жасампаз туындысы.
Біздің заманымызға дейін ІХ ғасырда финикийлік жазуды гректер қабылдап, дауысты дыбыстарды белгілеу үшін графемалық (әріптік) өзгерістер енгізген. Жазу Грекияның  аймақтарында бірдей болмаған, біздің заманымызға дейін V ғасырда негізінен екі алфавиттік жүйе – біздің заманымызға дейін 403 жылы қабылданған шығыс грек алфавиты мен батыс (халкид) алфавиты. Батыс пен шығыс грек алфавитында әжептәуір айырмашылықтар кездеседі. Батыс алфавиттік жүйесі италилік халықтар арқылы, негізінен этрускіліктер арқылы, біздің заманымызға дейін VІІ ғасырда латындармен қабылданған. Уақыт өте келе алғашқы графемалық белгілер біраз өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға дейін І ғасырда көп халықтардың қазір қолданып жүрген  латын әріптер нұсқасы (латиница) пайда болады. Еуропа елдерінде латын тілі жергілікті халықтың ана тілімен қатар дамығандықтан ана тілінің айтылу нұсқалары латын тіліне әсерін тигізбей қоймаған, сондықтан Еуропа елдерінде латын мәтіндерінің оқылуында жергілікті тілге бейімделіп келеді. The Duenos Inscription, from the 6th century BC, is one of the earliest known Old Latin texts. Бұл суретте «Дүнос жазбасы» біздің заманымыздан 6 ғасыр бұрынғы ескі латын мәтіні, оңнан солға қарай жазылған. Өзіміздің «Көне түркі руникалық жазуымен» белгілі ұқсастығы бар секілді. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет  
  1. 2.  Латын тілі тұғырлы бәйтерек.
  Латын тілі бүкіл дүние тілдерінің тұғыры деп ойлаймын. Сондықтан әліпбе жасауда таза латын тілінің өз заңдылықтарын негіз еткеніміз жөн. Сонымен қатар орыс тілінің латын тілі факторының әсерінен бүкілдей арылуымыз керек. Немесе қазіргі кириль әліпбесін мүлде жоқ деп есептеп, таза латын топырағынан таза қазақ тіліне 100 пайыз сай әліпбе жасауымыз керек. Қазіргі таңда Ағылшын тілінің дүниені жаулауының бір себебі де осы жолды мықты ұстанғанында. Сол себепті мен осы негізгі әліпбеден тыс артық таңба жасап жатпай, латыншаның классикалық түрін негіз ете отырып, ағылшын тілі факторын ескере отырып, таза 26 таңбадан қазақ әліпбесін жасаған жөн деп есептеймін. Ал қазақ әліпбесінің аналогы ретінде қазақтың арапша әліпбесін (төте жазу) пайдаланғанымыз жөн. Қайталап айтатыным аналог ретінде кирилицаны пайдалануға ешқашан болмайды.
  1. 3.  Латын әліпбесі толғауы тоқсан икемді.
Латын әліпбесінің бір ерекшелігі – оның ерекше йкемділігінде. Тіпті қытайдың дүниеде жоқ дыбыстары да латын әрпімен бейнелене алады. Онда екі-үш таңбамен бір дыбысты беруге болады.   Мысалды XIII ғасырда жазылған «Кодекс куманикус» шығармаларынан алсақ:   1)    kkce ulaxim kgnde semirir. Ol xowun (көкше ұлағым көгенде семірір. Ол ғоуұн. p.73) 2)    Olturganim oba yer basqanim baqir canaq (Олтұрғаным оба йер басқаным иақыр шанақ. Ол үзеңгі.) 3)    (CC, 120/145) Yazda yavli/yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir. (Йазда йаулы тоқмақ йатыр. Ол кірпідір) 4)    (CC, 119/143) aq kmening avzu yoq. Ol yumurtqa (Ақ кеменің аузы йоқ. Ол йұмұртқа) 5)    (CC,120/145) burunsiz buz teser. Ol qoy bogu. (Бұрұнсыз бұз тесер. Ол қой богұ)   Ғалымдардың айтуынша «Кодекс куманикусты» жазған адам қыпшақ тілінен хабарсыз латын тілді оқымысты көрінеді. Бір жақтан ести отырып, тағы бір жақтан кітапты жазу барысында қателіктер жіберген көрінеді. Соның өзінде оның есітіп жазғандары қазіргі сауатсыз қазақтарымыздан анағұрлым дұрыс секілді. Бұдан түйетініміз латын жазуының жоғары икемділігінде. Тіпті онымен өзің түсінбейтін тілдегі информацияларды қағазға жоғары дәлдікпен түсіруге болады екен. Латын әліпбиін жасауда ең алдымен осы «Кодекс куманикус»-қа көбірек мән бердім. Өз әліппеммен жоғарыдағы мәтіндерді жазып көрсем:   1)    Koek ulaxim koegende semirir. Ol xowun; 2)    Olturxanim oba yer, basqanim baqir canaq; 3)    Yazda yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir; 4)    Aq kemeninh awzi yoq. Ol yumurtqa; 5)    Burunsiz buz teser. Ol qoy bogu.  

Қазақтың өлшемді латын әліпбиі

Негізгі таңбалар

Латынша

Кирил-қазақша

Басылуы

Жазылуы

Аталуы

Оқылуы

A a

A a

а

а

B b

B b

бы

б

C c

C c

шы

ш

D d

D d

ды

д

E e

E e

е

е

F f

F f

еф

ф

G g

G g

гі

г

H h

H h

һа

һ

I i

I i

і

і

J j

J j

жі

ж

K k

K k

кі

к

L l

L l

ел

л

M m

M m

ем

м

N n

N n

ен

н

O o

O o

о

о

P p

P p

пы

п

Q q

Q q

қу

қ

R r

R r

ер

р

S s

S s

ес

с

T t

T t

ті

т

U u

U u

ұ

ұ

V v

V v

вый

в

W w

W w

дабылу

у

X x

X x

ғы

ғ

Y y

Y y

ай

й

Z z

Z z

зет

з

`

`

жуандық

 

Құрама таңбалар

Басылуы

оқылуы

Басылуы

Оқылуы

AE ae   (Ää)

ә

NH nh  (Ŋŋ)

ң

CH ch

ч

OE oe  (Öö)

ө

(2)  GH  gh

ғ

(2)  PH ph

ф

I` i`  (Ĭ ĭ)

ы

(2)  SH sh

ш

KH kh

х

UE ue  (Üü)

ү

(2) - дыбыс құраудың қосалқы баламасы; Жақша ішінде таңбаның ықшам түрі.

  Толықтыру: 1)    i` таңбасы Qq, Xx, Oo, Uu, Aa, I`i` фонемалары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi «`» қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qisqa, uzin, xilim, alim, qorim, i`risti.  t.b. 2)    Латын тілінде қос таңбалы (диграф) ae, oe, ue дауысты дыбыстары бар, олардың дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. 3)    Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] фонемасы болмаған, оның орнында [ і ] фонемасы бар. Сондықтан [и] фонемасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн деген ойдамын. Ал [й] фонемасы бар. Латыншадағы Yy қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Тіліміздің нақтылығын арттыру үшін бұны тек қана [й] фонемасына қолданған жөн. Ww да сол секілді дауыссыз у дыбысына қолданылу керек. Yy, Ww таңбалары дауыссыз дыбыстармен өзге дауыссыз дыбыстар мысалға Ll немесе Mm секілді [ы], [і], [ұ], [ү] фонемалары арқылы тіркесу керек. М: keliw, uwis, kiyiw, jetisiw, Jetisuw, suewret, ti`yim. 4)      таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia – італия, Russia – руссия…   Беріліп отырған алфавиттің классикалық кезеңдегі алфавиттан айырмашлығы бар. К k әрпі ертеде ғайып болған; кейбір қысқартуларда ғана кездеседі, мысалы K немесе KAL – Kalendae – календалар сөзінің қысқаша нұсқасы, календалар деп әр айдың алғашқы күнін атаған. Сол себепті оны өзіміздің [к] фонемамызға қолданғанымыз жөн. Y y  және Z z  әріптері грек тілінен  енген сөздерде кездеседі. Бұнда біз грек тілі вариантын ескермей, ағылшын тілі вариантына жүгінгеніміз жөн. Yy тек қана дауыссыз [й] фонемасын белгілеуі керек. Егер қазақтың төте жазуы арапша әліппемізге жүгінсек, қазақ тілінде [и] фонемасы ешқашан болған емес. М: киім емес кійім, қял емес қыйал, сиыр емес сыйыр, жиын емес жыйын, жиде емес жійде. Міне осылай, кирилицаның арқасында тіліміз ақсақ аттай шала басып, шоқақтауға үйреніпті. Сондықтан мен кирилицаны сауатсыз жасалған әліппе дер едім. Классикалық  латын тілі кезеңінде u және i әріптері [u], [i] дауысты  әріптерін және [v], [j] дауыссыз әріптерін белгілеу үшін қолданылған себебі V v, J j әріптері алфавитке ХVІ ғасырда ғана енгізілген. Көп басылымдарда J j әріпінің орнына І і әрпі қолданылады. Сондықтан сөздіктерде iam және jam, iniectum және injectum нұсқаларын кездестіруге болады. Ал әлемдік ауқымға келсек, өте мөте ағылшын тілі факторын ескерсек, J j әрпі тек [ж] фонемасын береді. М: Jonson – жонсон. Герман тілдеріндегі W w әрпі ХІ ғасырда енгізілген. Ол герман тілдеріндегі дауыссыз [у] фонемасын белгілеу үшін енгізілген. Сондықтан оны өзіміздегі [у] фонемасын беогілеуге арнадым. Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus,  nation Polona). Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: au[ау] және eu[еу] Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп. Бір буындағы  бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: ae[ә] aera [әра] мыңжылдық, ое[ө] poena [пөна] жаза және ue[ү] true [трү] шындық. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [ ¨ ] (трема ) немесе ұзақтық  белгісі [ ] қойылады, мысалы  poёta немесе  poēta [поета] ақын. Дауыссыздар латын тілінде muta (p,b,t,d,c,g)  және liquida (l,r) болып бөлінеді. Латынның Cc таңбасын қалай қолдану туралы көп ойланып барып, ақыры онымен «ш» фонемасын белгілеуді жөн көрдім. Оның себебі: Латын тілінде, классикалық кезеңде  Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан Gg әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн болар деген ойдамын. Ал латындағы таңбасының қолдануына келсек, ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жақтан [Х] таңбасы аша ағаш кейпіне келеді, егер [ш] фонемасына қолдансақ, көз алдыға елестетуге жеңіл болар еді. Расында, бірталай елдерде бұл әріп [ш] дыбысына қолданылады. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн болар деп ойлаймын. Әрине, айта кеткім келетіні - латынның тілдік заңдылығына белгілі дәрежеде үйлескенімізбен, оған бүкілдей үйлесуіміз мүмкін емес. Сондықтан дәнін алып қауызын тастауымыз керек сиақты. Латыншадағы Hh таңбасы қазақ тіліндегі [һ] фонемасын белгілеуге арнадым. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек кездесіп, жиі қолданылмағанымен, құрама дыбыстарды жасауда ол өте қажет дыбыс таңбасы болып табылады. Сондықтан кез келген жағдайда бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. Таза өзін сақтау сөзсіз керек. М: sh, gh, th, ch, ph, nh, kh, zh, xh Бірнеше тұрақты әріптер тіркесін есте сақтау қажет. Олар: ph [ф] болып оқылады philosophus [философұс] философия;  rh [р] болып оқылады rhetor [ретор] ритор;  th [т] болып оқылады theatrum [театрұм] театр ;  ch [х] болып оқылады pulcher [пұлхер] әдемі;  sch [сх] болып оқылады schola [схола] мектеп;  qu [құ] болып оқылады aqua [ақұа] су.  Классикалық кезеңде ti барлық жерде [ти] болып оқылған. Мысалы ratio [ратио] сана,  scientia [скиентиа] білім. Ngu әріптер тіркесі дауысты әріптердің алдында [нгв], дауыссыз әріптердің алдында [нги] болып оқылады. Мысалы: lingua [лингұа] тіл, angulus [ангұлұс] бұрыш, longus [лонгұс] ұзын, unguis [унгүис] тырнақ. Классикалық кезеңде S дауысты әріптердің ортасында тұрса [c] болып оқылған. Ал оның латын тілінің дамуының соңғы кезеңіндегі өзгерістерін бұл жерде ескермейміз. Ал біздің латын тіл мәдениетімен қатынасымыз да сонау ерте ден-ақ пайда болған. Оның бір бұлжытпас айғағы - Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап, бұл еңбектің түпнұсқасы 1294 жылы латынның готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады. Ал бұның аударылмаған түп нұсқасын оқысаңыз, кәдімгі қазақша. Мен бұл әліппенің атын «өлшемді» деп атаған себебім: әдетте өлшем деген сөз стандард деген сөздің қазақша баламасы болып келеді. Яғни бұл әліппе тек қана стантандардты латын әліпбесінің негізінде жасалғандықтан, «Қазақтың өлшемді (стандардты) әліппесі» деп аталды.
  1. 4.  Латын әліпбесіне көшу орындалмай қоймайтын тарихи мақсат. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімі мен әдебиетте сан салалы зерттеу жұмыстарын жүргізумен бірге түрлі оқулықтар жасаудың да қажеттілігі сезіліп, аса маңызды мәселе ретінде алға қойылған тұста – Ахмет Байтұрсынұлы ұлт тілі мәселесіне өте жауапкершілікпен қарап, өзінің ұзақ жылдар бойғы төлеңбегі – арап графикасы негізінде жасалған «Төте жазу» әліпбесін жарыққа шығапды. Сонымен қатар осыдан бастау алып, қазақ әліпбесі түрлі саясаттардың қажетімен түрленіп жаңара берді.


Қазақ әліпбелерінің тарихи салыстырмалы кестесі

(1)

Хрис-тиандық

(2)

Төте жазу

(3) Жәңәліп

(4)

Кирил

(5)

Жаңаша

(Қытай)

(6)

Өркен-әліп

IPA транскрип-циясы

Аa

ا

Aa

Аa

Аa

Aa

/a/

Аa

اٴ

Əə

Әә

Əə

AE ae

/æ/

Бб

ب

Бб

Bb

Bb

/b/

Уу

ۆ

Vv

Вв

Vv

Vv

/v/

Гг

گ

Gg

Гг

Gg

Gg

/ɡ/

Гг

ع

Ƣƣ

Ғғ

Ƣƣ

Xx

/ɣ/

Дд

د

Dd

Дд

Dd

Dd

/d/

Ее

ە

Ее

Ее

Êê

Ee

/e//je/

Йо йо

 

 

Ёё

 

 

/jo//jø/

Жж

ج

Çç

Жж

Jj

Jj

/ʒ/

Зз

ز

Zz

Зз

Zz

Zz

/z/

Ии

 

 

Ии

 

 

/ɯj//ɪj/

Йй

ي

Jj

Йй

Yy

Yy

/j/

Кк

ك

Kk

Кк

Kk

Kk

/k/

Кк

ق

Qq

Ққ

Ⱪⱪ

Qq

/q/

Лл

ل

Лл

Ll

Ll

/l/

Мм

م

Mm

Мм

Mm

Mm

/m/

Нн

ن

Nn

Нн

Nn

Nn

/n/

Ҥҥ

ڭ

Ŋŋ

Ңң

Ng ng

NH nh

/ŋ/

Оо

و

Оо

Оо

Oo

Oo

/o//o/

Ӧӧ

وٴ

Ɵɵ

Өө

Ɵɵ

OE oe

/ø/

Пп

پ

Pp

Пп

Pp

Pp

/p/

Рр

ر

Rr

Рр

Rr

Rr

/r/

Сс

س

Ss

Сс

Ss

Ss

/s/

Тт

ت

Tt

Тт

Tt

Tt

/t/

Уу

ۋ

Vv

Уу

Ww

Ww

/w/ɤw//yw//ɯw//ɪw/

Уу

ۇ

Uu

Ұұ

Uu

Uu

/ɤ/

Ӱӱ

ۇٴ

Yy

Үү

Üü

UE ue

/y/

 

ف

Ff

Фф

Ff

Ff

/f/

Хх

ح

Hh

Хх

Hh

KH kh

/x/

Хх

ھ

 

Һһ

Ⱨⱨ

Hh

/h/

Тс тс

 

 

Цц

 

 

/ts/

Тш тш

چ

 

Чч

Qq

CH ch

/tʃ/

Шш

ش

Cc

Шш

Xx

Cc

/ʃ/

Шш шш

 

 

Щщ

 

 

/ʃʃ/

 

 

 

Ъъ

 

 

 

Ыы

ى

Ƅƅ

Ыы

Ee

I` i`

/ɯ/

Ии

ىٴ

Ii

Іі

Ii

I i

/ɪ/

 

ٴ

 

Ьь

 

 

 

Ее

 

 

Ээ

 

 

/e/

Йу йу

 

 

Юю

 

 

/jɤ//jy/

Йа йа

 

 

Яя

 

 

/ja/jæ/

Боялған тұстар түсінің қанықтығына байланысты әліпбедегі кемшіліктерді білдіреді.   Егер, жоғарыдағы кестеге сәп салып қарайтын болсақ, әліпбеміздің 1924-жылға дейін қоғамдық жағдайға байланысты өзгерсе, ал 1929-жылдан кейін саяси жағдайларға байланысты өзгергерістерге жолыққанын байқаймыз: (1)  Шоқындырушылардың жазуы – Алғашқы қазақ кирил әліпбиін 19-шы ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет және «орыс-түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. «Миссионерлік әліпби» 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді. Бұл әліпбе кирил болғанымен, онда қазақ тілінің ерекшеліктері ескеріліп, артық таңбалар енгізілмегендігі байқалады; (2)  Төте жазу - 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны дамытқан Ахмет Байтұрсынов «төте жазу» деп атаған (тағы да «Жаңа емле» деп те аталған). Қазақтың төте жазуын жасауда  А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады. Әліпбеде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбені жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сол себепті бұл қазақ тарихында ең сәтті жасалған әліпбе болды; (3)  ЖаңәліпКСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Яналиф немесе қаз. Жаңәліп) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды. Бұ әліпбе жасалу жағынан А.Байтұрсынұлының «төте жазуының» латынша нұсқасы екендігін жоғарыдағы кестеден байқау қиын емес. Алайда онда бүкіл түркілік ауқымға ілесіп, латын таңбалары дыбыстарымызға тиімді қолданылмағандығы байқалады. М: Jj таңбасы «й» дыбысынаберілген, бұл латын тіліне сай келеді дегенмен, дүниелік айқымға қайшы келеді; Çç таңбасы «ж» дыбысына берілген; таңбасы кирилдік болып кеткен; Vv таңбасы біресе «в» дыбысына, біресе «у» дыбысына қолданылған; Латынға жат Ƣƣ таңбасы «ғ» дыбысына қолданылған; Yy  таңбасы «ү» дыбысына берілген; Hh таңбасын «х» дыбысына берудің ешқандай негізі жоқ; «ы» дыбысына орыстың Ьь таңбасын қоя салған; «ч» дыбысына ешқандай таңба немесе қосақтаңба берілмеген. (4)  Қазақ кирил әліпбиі —көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп ӘҒҚҢӨҰ (1947 ж. дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), ҮҺІ. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің сонында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған. Артықшылығы: осы әліпбе арқылы орыс жазба үлгілерінің қабылдануы біршама жеңіл болды. Терминдер ешқандай аударусыз жылдам қабылданды. Осының арқасында қазақтілінде заңдылыққа бағынбайтын орыс сөздері қаптапкетті, бейне бір үйде қазақ және орыс өкілдері бірге тұрып, әркім өз тілінде сөйлеп жүргені тәрізді. Бұл әліпбеде орыс тілінің дұрыс жазылуына аса мән берілген, ал қазақ тілінің жазылуы оған қосалқы түрде ойластырылған. Кісіге құдды орыс келе жатқанда қазақ шетте басын ійіп жол беріп тұрғандай сезім тудырады. Қазақ тілінің әлі күнге дейін еңсесін көтере алмай жүргені, сірә, осы ата жолдан тайсалмай келе жатқанымыздан болар. (5)  Жаңаша (жаңа жазу) – 1960-шы жылдары Қытайда орын алған «мәдени төңкеріс» кезінде аз санды ұлттардың, соның ішінде қазақтардың жазуын қытай иероглифтік жазуына өткізуге талпыныстар жасалды. Бұл әрекеттер сәтсіз аяқталған соң арнайы бұйрықпен Шынжаң Ұйғыр автономиялы ауданының Іле ққазақ автономиялы облысын мекендейтін қазақтарға арнап пинйін негізіндегі жазу енгізілді. Ал пинйін жазуы 1950-ші жылдары Қытайдың Орталық үкіметінің қаулысы бойынша қалыптастырылған қытайдың латын әліпбесі болатын. Жаңа жазу әліпбесіне зер салып қарасақ, оның кезіндегі А.Байтрсынов әліпбесінің тағы бір латынша нұсқасы екендігін аңғару қиын емес. Бірақ, ол «жаңәліптен» әлде қайда дұрысталған. «Төте жазудан» ары қарай бір саты дамытылған. Оның жетістігі Ww, Yy таңбалары [у] [й] дыбыстарына тек қана дауыссыз күйде қолданылып, дауыссыз дыбыстармен [ы], [і], [ұ], [ү] фонемалары арқылы тіркескендігі болды. М: keliw [келу], kiymelew [кимелеу], tiy [ти], tey [тый], teyelew [тиылу], tuwesᶄan [туысқан], suw [су], süwret [сурет], jetisiw [жетісу], Jetisuw [Жетісу]. Осы жолмен ол тіл-жазудағы нақтылығын арттыра білді. Оның сәтсіздігі – латын таңбаларын тек қытай пинйінінің аясында ғана қолданғаны болды. Пинйіндегі өзгеше дыбыстарға берілген Qq-[ч], Xx-[ш], Hh-[х], Ee-[ы], Cc-[ц] таңбаларын бұджытпай қабылдаған. Ал қазақ дыбысы мен сөздерін бейнелеу жағынан бұл әліппе «төте жазудан» бір саты жоғарылаған. Бұл әліпбе қазақтың маңдайына артық болып біткендей, 1980-ші жылдардың соңында үкімет қаулысы бойынша істен алып тасталынып, орнына «төте жазу» қайта қабылданды. «Жаңа жазудың» түбіне қытайдағы ескішіл қарттарымыз жетті деп ойлаймын. Себебі, олардың бұдан бұрынғы жазылған көптеген шығармалары «төте жазуда» жарық көрген болатын. «Жаңа жазу» оларға еңбектерін аяққа таптаған тажалдай болып көрінді білем. Сол себепті мен бұны қазақ тарихындағы тағы бір кері шегініс және трагедияға балаймын. Жоғарыдан алатын қорытындымыз: Өткен жүзжылдықта жасалған әліпбелердің ішінде Арап әліпбесінен Ахмет Байтұрсыновтың «Төте жазуы» өте сәтті жасалған болды. Ал қалған әліпбелерден қытай қазақтарының «жаңа жазуы» өте үлкен саяси қысымның астындағы қоғамдық жағдайда жасалған бола тұра тіл-жазу мәдениетінің белгілі бір өресіне жете білді. Сондықтан менім ойым – ендігі латын әліпбесін Ахмет Байтұрсынұлы идеаларын негіз ете отырып, қытай қазақтарының «жаңа жазу» әліппесі негізінде жасау керек деп ойлаймын. Sonhinda meninh aytqim keletini, Latin alphabetin jasawda, keybir kisilerdinh sueper uenemcildik idealarina, tek qana compueterdinh sanaxina senetin, tekqana pernetaqtaninh i`nhxaylilixi uecin-xana oylanatindarxa qarsi ekendigimdi aytqim keledi. Meninhce, Alphabet jasawda enh aldimen sol alphabettinh daestuerin negiz ete otirip, quddi jas cibiqti si`ndirip almay, jaeymen iygendey, oninh koerkemdiligin jaene zanhdilixin saqtay otirip, oezimizdinh tilimizge iykemdewimiz kerek dep oylaymin. Al oez tilimizge keler bolsaq, Akhmet Baytursinuli ilimin miqti ustanip, tilimizdinh qaymaxin buzbay qasterlep, aer qaxan taza ustawimiz kerek.

 

Пайдаланған әдебиеттер

 
  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.  – Алматы: Ана тілі, 1992. - 46 б.
  2. Comes Seza Kuun – Codex Cumanicus – Bibliothecae Ad Templum Divi Marci Venetiarum – Budapestini: Edito Scient. Academiae Hung., 1880. – 395 б.
  3. Нисенбаум М. - Via Latina Ad Ius – Учебник Латинского языка – Москва: Юристь, 1996. – 560 б.
  4. Аханов К.Тіл білімінің негіздері.  – Алматы: Санат, 2003. - 410 б.
  5. Мұсаұлы Ж., Әміренова – Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы – Көкшетау, 2003. – 217 б.
  6.  Ислам К.С. - Латын тілі - Мемлекеттік тілде оқитын  студенттерге арналған оқулық – Павладар, 2006. – 113 б.
  7. Қалиев Ж., Мальцев В.С., Очаковская З.Н. – Ағылшын тілі – Алматы «Мектеп» 1981. 198 б.

www.qazaquni.kz