Қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдіктер көп

Қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдіктер көп

Ақпан айынан басталған «Онлайн қазақ тілі» курсына әлемнің 23 елінен 800 адам тіркелді. Тіркелгендердің ішінде этникалық қазақтардан бөлек, тілімізге қызығушылық танытқан өзге ұлт өкілдері де бар. Этникалық қазақтар тарихи тілін ұмытпау және Қазақстанда білім алып, атамекенде жұмыс істеу үшін қазақ тілін жетік меңгеріп жатыр. Ал өзге ұлт өкілдерінің тіл үйренудегі мақсаты екі бағытқа негізделген. Алғашқылары Қазақстанда жұмыс істеуге керек десе, екіншілері - қазақ тіліне қызығушылық танытатын және тілдік құрылысын зерттейтін - ғалымдар. Өзге ұлт өкілдерінің басым көпшілігі - Димаш Құдайбергеннің «Dears» жанкүйерлері. Олардың айтуынша, әншінің әндерін, сұхбаттарын ана тілінде еркін түсініп, сонымен қатар, қазақтың тарихымен, мәдениетімен тереңірек танысу үшін қазақ тілі сабақтарына зор ықыласпен қатысады. Сабақ орыс, ағылшын, түрік, парсы тілдерінде жүргізіліп, тыңдаушыларға ыңғайлы уақытқа қойылғандықтан қатысушылар саны артып келеді. Сабақ қазақ тілінің әмбебап оқулығы және «Abai institute» платформасы негізінде жүргізіледі.

Qazaquni.kz